Тазша бала – 2017 сайысы | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тазша бала – 2017 сайысы
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата – аналар мен қонақтар!
«Шәкірт менің мерейім мен – баспалдақ,
Мен арқылы шықсын ол биіктерге аспандап»атты бастауыш сыныптар онкүндігі аясындағы жоспарланған кезекті дүйсенбі күнгі «Шәкірттің жағып шырағын, сан өнерге баулыды». тақырыбындағы ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер «Тазша балаға»арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілерімен балалардың қиял көкжиегін кеңейту, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерін насихаттау,«Тазша бала» бейнесін сомдау арқылы тапқырлыққа, озық ойлылыққа, шешендікке баулу. Ауылымыздағы өнерлі саңлақ «Тазша бала» республикалық байқауының жүлдегерін таныту, үлгі ету.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта.

2 – жүргізуші:
– Балалар!
– Тазша бала туралы не білеміз?
– Ол қай жанрдың кейіпкері?
– Халық үшін қандай қызмет атқарды?…..
– Өте жақсы. Олай болса экранға назар аударамыз.
Тазша Бала – қазақтың күлдіргі тұрмыс – салт ертегілеріндегі басты кейіпкер. Бұған ұқсас нұсқалар өзбек, татар, қарақалпақ. түрікмен, хақас, бурят, моңғол халықтарының ауыз әдебиетінде де кездеседі. Бұлар тағыда басқа халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі.
Өзінің ақыл – парасаты, тапқырлығы арқасында талай қиын – қыстау жағдайдан, ауыр хәлден аман – есен құтылып кетеді, неше түрлі сыннан мүдірмей өтіп, жеңіп шығады. Өзі сіңірі шыққан кедей болса да уәзір, жендеттермен айқасқа түсіп, оларды халық алдында күлкі, мазақ етеді. Әділетсіздікке, кертартпа әдет – ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы тұрып, күншілдік, қызғаншақтық, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалайды. Сөйтіп тағыда басқа халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер болып табылады.
1 – жүргізуші:
Ал енді бүгінгі сайысымыздың жүрісімен танысайық.
1. Бөлім: Таныстырылым
2. Бөлім: Тазшаға жетпіс өнер де аз
3. Бөлім: Тазшаның тапқырлығы
2 – жүргізуші:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл – аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы өрендерді ортаға шақырайық
Қатысушылар: Усбалиев Нұрасыл 4 «А»
Жұмасат Қанағат 4 «Ә»
Қанатұлы Есбол 4 «Б»
Қуаныш Исмайыл 4 «Ғ»
Қаржаубай Жақсыбек 4 «Д»
Балғабай Досбол 3 «А»
Таубай Нұртілек 3 «Ә»
1 – жүргізуші:
Алдарыңызда тұрған «Тазша балаларымызға» қошеметтеп қол соғып, сәттілік тілейік.
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той!
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп!
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Дей келе, жиналған көпшілік және өнерпаздар құрметіне сөзін жазған Мұқағали Мақатаев әнін жазған Нұрғиса Тілендиевтің « Саржайлау» әнін мектебіміздің өнерпаз балғыны Рамазанова Маржан тарту етеді.
2 – жүргізуші:
Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:
1. Мектеп директоры: Тлеубаева К. К.
2. Мектеп әдіскері: Копашева А. С.
3. Кешіміздің қонағы жас актер: Мөңке Сұнғат

1. Бөлім: Таныстырылым
1 – жүргізуші:
Қанекей танысайық жас өренмен,
Байқайық дарындығын шешендігін.
Өтірік өлең айтып жұртқа жаққан,
Тазшадай болар ма екен өжет ұлың?

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Каракулова Салима Айгазыевна

Тазша бала – 2017 сайысы. жүктеу


Тазша бала 2017 сайыс сабақ интеллектуалдық ойын халық ауыз әдебиеті

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар