4 санымен таныстыру | Бастауыш сынып

4 санымен таныстыру | Бастауыш сынып

Ұйымдастыру оқу іс — әрекеті
Математика(ҚМҰҚ)
Білім беру саласы; «Таным»
Сабақтың тақырыбы: 4 санымен таныстыру

Сабақтың мақсаты: 4 санының пайда болуы, құрамы, 4 цифрымен таныстыру. 4 цифрын жаза білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: 4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім — біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Халық педагогикасын ұштастырып жұмбақ, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс — әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан — жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Ойлау, қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің
Әдіс — тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ — жауап, көрсету, санау, қайталау, бағалау, сергіту сәті, қорыту.
Көрнекіліктер: Сан таңбалары, үлестірмелі материалдар суреттер, таңғажайып алаңы ойыны.
Сөздік жұмыс: төрт, бірлік.

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
1. Шаттық шеңбері:
Күндей жадыра
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!

2. Жүректен — жүрекке
Біздің топтың ұл — қыздары
Тату — тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
тек жақсылық сыйлайды.

3. Ережелермен таныстыру. Бүгінгі математика сабағында баршамызға ортақ ережені естен шығармайық.
Бір — бірімізге бөгет жасамай көмек беру.
4. Өткен сабақты қайталау.
«Қоянның тапсырмасы»
Себеттен 1 алма алып қою

Ұйымдастыру ізденушілік
1 — саны туралы білімдерін тиянақтау
1 саны сандық қатарда қай жерде тұрады?
Жалғыз сөзі нені білдіреді?
Кім 1 саны жайлы тақпақ біледі?

2 — саны ол бірдің көршісі, яғни 1 — санынан кейін 2 — саны тұрады.
Екінің құрамы
2 — саны жайлы қандай тақпақ білесіңдер
3 — саны ол екінің көршісі, яғни 2 — санынан кейін 3 — саны тұрады.
4 санымен таныстыру. жүктеу

4 санымен таныстыру 4 цифры математика

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: