234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: 234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: а) Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 – 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
ә) Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық есептеу дағдыларын қалыптастыру;
б) Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі таза жаза білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көрнекіліктер, топшамалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша есептеулер. Көркем жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ: 234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
«Кім шапшаң?» ойыны: 84: 3= 28 52: 4= 13 15*5= 75 27*3 =81
Б із бүгін үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуге есептер шығарамыз. 234*2 тәсілін көбейту жолын айтып көрейік.
234•2 – ні разряд қосылғыштарға ажыратайық, 234 – де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар, оқушылар кім айтады?
(200+30+4)*2=200*2+30*2+4*2=468
– 200 – ді 2 – ге көбейтеміз, 30 – ды 2 – ге көбейтеміз, 4 – ті 2 – ге көбейтеміз шыққан көбейтіндіні қосамыз.
Ал, енді 468: 2, 468 – ді разрядттық қосылғыштарға ажыратайық, 468 – де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
(400+60+8): 2=400: 2+60: 2+8: 2=234
400: 2=200
60: 2=30
8: 2=4
200+30+4=234

№2. Тақтаға шығару.
132*3= 100*3+30*3+2*3= 396
396: 3=300: 3+90: 3+6: 3= 132
№3. Теңдеулерді шеш:
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу. жүктеу


Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу 3 – 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығару

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар