1 – сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек | Бастауыш сынып

БАЯНДАМА
Тақырыбы: 1 – сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
 Ата – аналарға кеңес беру ұсыныстарын тарату
 1 – сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
 Оқушылардың бейімделуіне көмек (ұсыныстар, пікірлер)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар 1, 2, 3, 4, 5

Кіріспе
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. 1 сынып оқушысын мектепке бейімдеу. Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуіне көмек көрсету. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
– Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
– Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
– Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой – пікірлердің байланысын зерттеу.
Әл – Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: ― қандай да бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ғана жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс – әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс – әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды.
Психологтар айтқан, дені сау, жан – жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым – қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.
Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1 – сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата – анасына байланысты.
1 – сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек. жүктеу


1 сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек мектепке бейімделуі 1 сынып оқушысын мектепке бейімдеу

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар