Тәуелсіздік – халық мұраты | Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – халық мұраты
Мақсаты: Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. Сондай – ақ Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді де саналы, жігерлі жастардың керек екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Слайд «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат».
Президенттің жарлығы, желтоқсан ескерткішінің ашылуы мен желтоқсанға қатысқандардың ерліктері, 24 жылда жеткен жетістіктер көрсетіледі.

1 – жүргізуші: Армысыздар, ардақты да аяулы, құрметті де қадірменді қонақтар, ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – халық мұраты»
атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2 – жүргізуші:
Бақыт, тірлік – күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні
Мәңгі бақи шырқалады
Тәуелсіз Қазақстанымның әнұраны. (ән ұран орындалады), бәріміз тұрамыз
Қазақ дейтін, бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап қан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.
1 – жүргізуші: «Тәуелсіз Қазақстан өсіп – өне бер» баяндамасын оқуға 10 сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздік егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді. Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең – байтақ қасиетті топырақта өніп – өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллионнан асып отыр. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі – Астана қаласы. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – тұғырлы тәуелсіздігімізге 16 – желтоқсанда, тура 22 – жыл толып отыр, 22 – жыл ішіндегі табыстарымыз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз – қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130 – ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді, Ұлан – байтақ жеріміз – ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы.
Құрметті жиылған қауым! Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 – 2003 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспарларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселердің барлығы қамтылатын. Шындығы керек осы жыл сайынғы Жолдаулар халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құйды. Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей байланысты. Енді, міне Парижде өткен «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103 – і Астананың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның өзі тікелей Елбасы еңбегінің арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті мойындап отыр. Бұл егеменді, тәуелсіз елдің нәтижесі.
2 – жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззәт Асанова, Сәбира Мұхаметжановалар тәуелсіздік жолында күресті. Бірақ өздері бұл күнді көре алмады. Тарих парақтарында есімдері мәңгілікке қалды. Мәңгілік егемендікті алып келді.
1 – жүргізуші:
Атыңнан айналайын Егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерекең құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Байрағым биік тұр».
2 – жүргізуші:
Тәуелсіз ел тарихы – Отанымыздың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай – тарих. Елім, Отаным, жерім деген қасиетті үғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз шаңырағынан басталады. Біздің тәуелсіздігіміз бізге қымбат
1 – жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 – жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата – бабаның рухын көтергені үшін.
1 – жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 – жүргізуші: Ол бізге қымбат, сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін,
1 – жүргізуші: Неге дейсіз ғой?
2 – жүргізуші: Ол бізге қымбат, ата тарихымыздың, ана тілімізді, дінімізді, қаз – қаз тұрғызып «ҚАЗАҚ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін.

1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік – жыр – әнім
Ел іргесі берік болсын ұраным,
Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну
Салт – дәстүрі қолдан түспес ұраным.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән «Жаса Қазақстан».
2 – жүргізуші: Қазақтың майталман ақыны Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты өлеңі оқылады.

Мен қазақпын Республика! Ерікті ел Қазақстан
Келді алыстан көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып
Торды бұзған менде бір мәз арыстан.

Желде еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап!
Мақтан етсін халықтар халықтығын!
Жетер сан жыл шеккені малдай азап!

«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын
«Қазақпын» деп жауға айтамын қасақана,
Біліп қойсын болса ойы жұғысатын

Тәуелсіздік – халық мұраты. жүктеу


Тәуелсіз Қазақстан тәуелсіздік тәуелсіздік халық мұраты 16 желтоқсан күніне арналған

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар