Ғасыр көші | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ғасыр көші
Мақсаты: Тәуелсіздік тағылымын насихаттау, өз Отанын, Елордасы – Астананы мақтан тұту, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру.
Міндеттері:
Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында балаларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, Елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани – материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ – жауап, видеоролик көрсету, шығармашылық жұмыс.
Құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: слайд, кітаптар, видеоролик.

Тәрбие сағатының жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ойланайық пікірлесейік
III. Әңгімелеу (слайд)
IV. Сергіту сәті
V. Болашақтағы Астана (видеоролик )
VI. Шығармашылық жұмыс
VII. Өлең тақпақтар
VIII. Қорытынды

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Келген қонақтарды орналастыру. Тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Ойланайық – пікірлесейік
1. Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?
Жауабы: Астана Есілдің өзенінің оң жағалауында орналасқан.
2. Ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қай жылы қабылданды?
Жауабы: 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.
3. Астана қаласының көне атауы қандай?
Жауабы: Астана қаласының көне атауы Ақмола
4. Астанаға ең алғаш қандай басшы орындар көшіп келді?
Жауабы: Астанаға Президент кеңсесі, ҚР Үкіметі және Парламент көшіп келді.

III. Әңгімелеу (слайд)
Құрметті қонақтар, тәрбиеленушілер бүгінгі тәрбие сағатымызда астанамыздың Алматы қаласынан Елордасы Астанаға көшуі туралы болмақ.
Тәуелсіздік. Қасиетті де құдыретті бұл ұғымның тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты бар. Мың өліп, мың тірілген қазақ елі бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке биыл міне жиырма бес жыл толып отыр.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік – шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімшілік, іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады.
1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер – Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Астана жайлы деректер

Тараз қаласы,
Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиешісі
Пирманова Турсынкуль Жарылкасыновна

Ғасыр көші. жүктеу


Ғасыр көші Астана қаласы Елордасы Астананы мақтан тұту елжандылық

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар