Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Міндеттері:
Білімділік Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: бейнефильм «Балалық шағымның аспаны», слайд, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Елбасының кітаптары.
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, бейнефильм көрсету, дәйексөз, көрініс көрсету, тапсырма

Тәрбие сағатының жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ой – қозғау
III. Әңгімелеу
IV. Бейнефильм
V. Сергіту сәті
VI. Көрініс «Нұрсұлтанның балалық шағы»
VII. Тапсырма «Елбасына тілек жазу»
VIII. Өлең тақпақтар
IX. Дәйексөз
X. Қорытынды

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1. Балаларды тәрбие сағатына дайындау, назарын өзіме аудару
2. Шаттық шеңбері хормен
Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын.

Ой – қозғау
1. Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?
2. Біздің президентіміз кім?
3. Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Әңгімелеу
– Құрметті бүгінгі тәрбие сағатын қатысып отырған қонақтар, балалар!
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы деп аталады.
Балалар мен сендерге Елбасымыздың өмір жолымен таныстырып өтейін.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 – шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау – бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы. жүктеу


Елін сүйген елі сүйген елбасы 1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған сценарий тұңғыш президент ертеңгілік

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар