Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»

Мақсаты: Халықтық тәлім – тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу.

Кіріспе:(тәрбиеші сөзі)
– Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен тәрбиеленушілер!
Бүгінгі біздің «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»- атты пікірталас алаңын ашуға рұқсат етіңіздер.
Мақсатымыз – қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім – тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз – қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Халқымызда қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі – күн, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір – біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді. Бала жастан жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі.
«Жақсыны көре білсек, ой көзімен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»- деп Абай атамыз айтқандай пікірталасты бастамас бұрын слайдқа назар аударсақ.
(« Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әуен ойнап тұрады).

Пікірталас барысында талқыланатын сұрақтар:
Сұрақ: (тәрбиеші сөзі)
Жүргенде сендер тамаша – ақ,
Қазақтың ғажап даласы.
Өздеріңсіңдер болашақ,
Ұрпақтың ұлы анасы – дегендей
Ұлттық дүниетаным, ұлттық салт – дәстүрлеріміздің қыз бала тәрбиесінде алар орны қандай?

Жауабы: «Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», – деген екен ата – бабамыз.. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) « Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар ( қыздарын тәрбиелеп өсіргені) сол үшін тозақ отынан қалқан болады», – деген. Бұл шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата – анаға оңай түспейтіндігін дәлелдейді. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар. Әубәкір ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің айтқанындай қыз әлемнің көркі, әрі ұрпақты көбейтуші. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтықсыз ұстануымыз қажет. Болашақта да, қазір де сыр – сымбаты ақыл парасатына сай, адамгершілік қасиеттерді өз бойына толыққанды топтастыра алған қыз тәрбиелеу біздің басты парызымыз болып табылатынын еш уақытта естен шығармауымыз керек. Қыз баланың болмысын биіктететін, оның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие мен ұлттық құндылықтарды айтар едім. Ана тілімізде «қыз» деген сөз бар. Ол ең қасиетті де, құрметті сөз. Қасиетті болатыны – бүкіл адамзат әйелден тарайды: қыз келін болады, келін – анаға айналады, ал ана – әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Қазақ халқы қыз баланың қадір қасиеті мен қылығы ұлттық ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықтарды топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата – бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айырықша көңіл бөлген. Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды.

Сұрақ: (тәрбиеші сөзі)
Аяулы ару қыздар, көрікті көктемдегі
Тамаша сіздерменен өмірдің өткелдері
Жанарды жалт еткізіп, біздерге қараңыздар
Осылай көңілдерге шуақ боп тараңыздар – қазіргі заман талабына сай қыз бала өзін қалай ұстауы керек?
Жауап:
1. Иә, менің ойымша қазақы тәрбие алу дұрыс. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтылмаса керек. Қазіргі күнінен бастап рухани құндылықтарды сіңіргеніміз дұрыс. Қазір Европаға еліктеу кең етек алған заманда, жастардың соның ішінде ертеңгі ана болатын қыздарымыздың рухани жұтаңдануына жол бермеуіміз керек. Сондықтан да ХХІ ғасырдағы қазақ қызы жан – жақты білімді, тәрбиелі, иманды, барынша әдепті, болғанымыз дұрыс.
2. Жалпы менің түсінігімде қазақ қыздары ар – намысын биік қоюы керек. Нақтырақ айтсам:
Кешегі Қыз Жібектер қысқа киім,
Жігітке асылуды білмеп еді.
Қасиетін сақтаған аруларды
Қазағым қай кезде де құрметтейді.
Менің айтайын дегенім әр ұлттың, әр ортаның өз киіну әдебі болады. Өзгелер жапырақ жамылып жүрген заманның өзінде қазақтың ұлттық киімдері көз жауын алардай әдемі еді. Бұл – халқымыздың талғамының жоғары болғанының белгісі. Дегенмен заман өзгерді. Өзіңнің жасыңа, жүрген ортаңа сай киіне білу керек. Сондықтан көп ашылып, шашылмай, бірақ сәнді киінгені және заманына сай әдепті болғаны дұрыс.
3. Менің түсінуімше, қазақ қызы деген абыройлы есім, оны алып жүру де кез келгеннің қолынан келе бермейді, әрі тәрбиенің бұрынғысы мен бүгінгісі болмайды. Тәрбие қашан да ұлттың өзіндік ерекшелігін, құндылықтарын сақтауы керек. Ал ұлттық құндылық дегеніміз қай уақытта да бір ғана мақсатқа бағытталады, яғни, салауатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса тәрбие ескірмейді. Сондықтан да қазақ қызы өз ибалылығын жоймай, өзгеге үлгі боларлықтай болу керек. Ақан сері «Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас» дейді олай болса жүз жерден батысқа еліктегенімен қазақ қызы орыс та, ағылшын да, неміс пен француз да бола алмайды, сол қазақ қызы күйінде қалады. Бұлай дегенім қазақ қызы көштен қалсын дегенім емес, заманына сай оқысын, қызмет етсін, бірақ өзінің негізгі міндетін ұлт келешегін тәрбиелер ана екенін естен шығармағаны жөн деп ойлаймын.

Сұрақ: (тәрбиеші сөзі)
Сақтық керек сезімнің гүліне де,
Албырттығы өмірдің біліне ме.
Қыз баланың жігітке «сүйем» деуі,
Жараспайды ғасырдың біріне де – бұрынғы қазақ қыздарының қылығы мен қазіргі қазақ қыздарының қылығының қандай айырмашылығы бар? Құрбыңның бойынан жағымсыз қасиеттерді көргенде не деп ақыл қосар едің?
Жауап:
1. Күнделікті өмірде жиі кездесіп қалатын жай – жастардың көпшілік ортада аймаласып, сүйісіп тұруы. Мұны өздерінше махаббат бостандығы деп ойлайды. Ал қазақ баласы еш уақытта да махаббатын жарқыратып жұрттың алдына жайып салып, көрмеге қойған емес. Өзіңіз ойлап қараңызшы беті ашық тұрған зат пен беті жабық тұрған заттың қайсысы жұртты қызықтырады. Әрине, жабығы. Олай болса махаббат құпия, нәзік болса ғана маңызды, ал мені көрдің бе дегендей өз сезіміңді жұртқа жариялау, көрінгенмен құшып, сүйісу махаббат емес, құр жабайы сезім болса керек. Неге мен өзімнің аялаған, нәзік нәрсемді жұртқа жариялауым керек?! Махаббаттың нәзіктігі сонша кішкентай елеусіз нәрсе оны жаралауы мүмкін. Ал қыздар қашан да өз құпиялылығын жоймауы, яғни жігітке сөз айтпауы керек.

Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз. жүктеу


Қыз тәрбиесі қыз тәрбиелей отырып ұлт тәрбиелейміз қаракөз қазақ қыздары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар