Қош келдің, Әз – Наурыз | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қош келдің, Әз – Наурыз
Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Ұлттық өнерін паш ету.
Нені игереді: Көктем мезгілінің ерекшелігін, үш тілде тақпақ айту туралы тілдерін дамытады, салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды игереді.
Пән аралық дамыту: тіл дамыту, айналамен танысу, шығармашылық өнер, орыс тілі, көркем әдебиет, ағылшын тілі.
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Бибісара ханым шашу шашады.

Армысыздар ата – аналар, қадірлі қонақтар, үлкен кіші ағайын! Наурыз «жаңа күн»деген сөз. Бұл күн біздің ата – бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын. Бейбіт заман! Ағайын – жұрт тегіс аман болсын!

Ендеше сөз кезегін «Атамұра – орда» балабақшасының құрылтайшысы Серікбай мырзаға және балабақша меңгерушісі Ботагөз ханымға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Құрт – бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір – бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын деп алдарыңызда Серікбай А орындауында «Мереке» әні.

Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра деп алдарыңызда қыздарымыздың орындауында «Домбыра» биі: Ақтілек, Инабат, Айару, Диана.

Жүргізуші: О жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз тойы басталды
Жайым жоқ тосып амалдар
Терме жырлар есілсін
Арадағы араздық
Татулықпен шешілсін.
Балабақшаның бүлдіршіні Бағжанның орындауында «Балапан» әні қабыл алыңыздар.
Інжу: Уа, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Берік: Қарық қып құтты Наурыз!
Қазанға толсын сары уыз
Қайнасын наурыз көже де
Толтырып ішкей кесеңе
Нұрасыл: Малдар төлдеп, қой қоздап
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Басталыпты Наурыздан
Нұриман Ш: Ұлыстың ұлы күнінде
Көппен бірге күлімде
Көбейсін жаң достарың
Молайсын елге қосқаның
Жүргізуші: Елін қорғап, кең байдақ жерін қорғап
Ұрпағына аманат еткен, ол біздің қазақтың батырлары. Қанекей, ұлдарымыздың «Батырлар» биін тамашалаңыздар. Айсұлтан, Нұрғиса, Бексұлтан, Мирас, Ерсайын, Әбдімансұр.

Жүргізуші: Бала деген салтанатың,
Жарығың ол сөнбейтұғын жәннатің,
Шөлдеп келсең, шаршап келсең үйіңе,
Сусының ол сүйсең мейірім қанатын.
Балалардың орындауында «Қуыршақ» әні: Жасұлан, Нұргүл, Гаухар, Інжу, Аяулым, Айару, Каусар, Райым.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз Қуыршақ биін билейді. Қабыл алыңыздар.
Даная, Каусар.

Қайрат. Күй мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Нұрғиса: Clean the blackboard
clean the door
clean the tаble
clean the floor.
Ерсайын: Hickety, pickety, my plack cat
like to sit in my blue hat
Айсұлтан: My family
I have a father
I have a mother
I have a sister
I have a brother
father mother, sister, brother
hand in hand with one another

Ағылшын тілінде ән. Бағжан, Мирас, Бексұлтан My boni
Анеля: В степи, на жайляу,
Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.

Жүргізуші: Біз қазақ елі қонақ жай тату елміз, Еліміз бірнеше өкілдерден тұрады. соның бірі орыс халқы. Орыс биі «Калинка» Анеля

Гаухар: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық
Дінмұхамбет: Ән менен күй жарасқан,
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан ақ құсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
Нұрияның орындалуында өзбек биі:

Жүргізуші: Қонақтар екі ауылдың әкімі Сейілов Медет, Арысбаев Бауыржан мырзаларға құттықтау сөз берейік. Балабақша басшыларына алғыс хат беріп шапан жапты.

Қош келдің, Әз – Наурыз. жүктеу


Қош келдің наурыз 22 наурыз мерекесіне арналған сценарий ұлыстың ұлы күні көктем мерекесі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар