И, й әріптерінің жазылуы. | Бастауыш сынып

2 сынып
Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылуы.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 2. 1. 1; Сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
2. 3. 6. 1; Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
й, и әріптерінің жазылуын меңгере отырып, жаттығулар орындау. Білімін, сауаттылығын дамыту.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Й, и, у әріптерінің емлелік ережесін еске түсіреді, сөздерде дұрыс жазуын үйренеді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамытады, есте сақтау қабілетін нығайтады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: И, й әріптері бар сөздерді дұрыс жазу
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу: У дыбысының алдында келген дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін анықтату
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы:
Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт, қуаныш, шаттық деген сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Жаңа білім 5 минут
У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?
– и әрпі қай жерде жазылады?
— й мен и қандай дыбыстар?
— й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.
Ортасы 10 минут
42 – жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқытып, ауызша орындату.
Сұрақтарға жауап беру.
Әр топқа тапсырма. Әр ұлттың суреттері беріледі. Оны бояу білетіндерін және айырмашылығын айту.
«Сөз ойла, тез ойла» ойындары
1 – топ: И, Й әріптерден құралған сөздерді табу
ки – ине – сиыр – жидек – тәрбие – жиналыс; ай – сай – ойна – қайық
2 – топ: Ине туралы сөйлем құрау.
3 – топ:
Ойын:«Жоғалған әріптерді тап!»
Ж…НА, СЫ…ЛЫҚ, Б…ЫЛ, С…ЫР, А…НА, БА…ЛЫҚ, Ж…ДЕК, Б…ДАЙ, ТӘРБ…Е.
Балалар біздер осымен И, й әріптерінің жазылуы – тақырыбын үшінші рет өтіп отырмыз. Әр сабақта түрлі ережелерімен танысып келеміз. Бүгінгі ережемізбен таныс болайық.
Сый, сыйлық, сыйлады, тый, тыйылды, тыйды
сөздеріне ый әріптері естілген қалпында жазылады
45 – жаттығу. Сый, тый және бұлардан таралған сөздерді оқы. Өзің қалаған сөздерден бірнеше сөйлем құра. Оқушылар жазбаша орындайды.

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманова Ғ. Х.
​И, й әріптерінің жазылуы. жүктеу​​​


й әріптерінің жазылуы и әрпі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар