Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем» | Бастауыш сынып

Психологиялық дайындық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бәрі осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Қалам ұстап бастаған
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Бірімізбен – біріміз
Тату өмір сүреміз
СӨЗЖҰМБАҚТЫ ШЕШУ
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты: Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Үй жұмысын тексеру:
«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегін шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата.
– қуаныш
– мақтаныш
– өкініш
– шаттық
2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндіңдер?
Атамекен аясы – адамның жан саясы.
Халық даналығы.
Атамекеннің тамаша табиғаты, кең
даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдары қашан да ата – бабаңа деген сағынышыңды басады.
«Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау керек.
​Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем». жүктеу​​​


Өтебай Тұрманжанов туған өлкем туған тілім өлеңі атамекен табиғат

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар