Төрттен бір бөлік (ширек) | Бастауыш сынып

Сабақ тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек).
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Теорияны практикамен ұштастыру.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, кесте.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
*Психологиялық сәт:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
ІІ. Жаңа сабақ.
«Тез ойла» ойыны.
Доп арқылы 2-нің, 3-тің, 4-тің көбейту кестесін еске
түсіру.

Көркем жазу минуты. 4 саны мен цифры.
«Ұғып ал». Төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын мысалдар арқылы түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
№ 1, 2-есептерді ауызша орындау.
№3-есеп. «Қандай сан?». Бос орындарға тиісті сандарды қою(ауызша).
Тақтамен жұмыс.
№4, 6-есептер. «Кестемен жұмыс»
Суретпен жұмыс.
№5-есеп. Төрттен бір бөлігі боялған фигураларды тап.

Сергіту сәті.
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Дәптермен жұмыс.
№9-есеп.
*Дәптеріңе суреттегі фигураларды сал.
*Әр фигураның төрттен бір бөлігін боя.

№10-есеп.
1) Әкесі – 35 жаста
Лиза -?——- 23 жас кіші
Сіңілісі – 5 жаста ————-? жас үлкен
Ш: 35-23=12 12-5=7
Ж: Лиза сіңлісінен 7 жас үлкен

2) Оқулық – 36
Әр сөреде – 9 оқулықтан
Сөре саны -?
Ш: 36: 9=4
Ж: Сөре саны – 4.
№11-есеп. Амалдарды орында:

Логикалық ойлауға арналған есеп.
№12-есеп.
Торт екіге бөлінді, жарты торттар тағы да екіге бөлінді. Содан соң осы кесілген торттар тағы да төртке бөлінді. Сонда торт барлығы неше бөлікке бөлінді?
1*2*2*4 =16 торт 16 бөлікке бөлінді.

ІІІ. Қорытындылау.

*Біз бүгін ұғыммен таныстық?
*Басқаша қалай атауға болады?
*Мына алманы төртке бөл де, бір бөлігін өзің ал. Алманың неше бөлігі қалды?
Үштен бір бөлігін Болатқа бер.

ІV. Үйге тапсырма.
№7, 8-есептер.
V. Бағалау, мадақтау.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Бисембаева Айгерім Курмангазиевна


Төрттен бір бөлік ширек бастауыш математикадан Төрттен бір бөлік математика бастауыш сыныпқа арналған

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар