Имандылық – инабаттылық мұраты | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Имандылық – инабаттылық мұраты
Мақсаты: Оқушыларды салт – дәстүрді білуге, имандылыққа, бір – бірімен жақын қарым – қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыруға болады.
Оқушылар төрт топқа бөлінген
Бірінші сынып тапсырмасы: (сұраққа жауап беру)

Кіріспе. (бейнесөзді шешу.) Шешуі: ИСЛАМ
ИСЛАМ – туралы түсінік беру.
1 – оқушы. Ислам сөзінің араб тіліндегі мағынасы тілдік тұрғыдан «мойынұсұну, бағыну, амандыққа, бейбітшілікте болу» дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім наныммен ар ұждан мәселелерін қамтумен бірге амандық пен бейбітшілікті, татулықты, бір ауыз сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір сүру салтын білдіреді.
2 – оқушы. Ислам – Жаратушы ие тарапынан жіберілген ең соңғы дін, бұдан кейін басқа дін келмейді. Өйткені, Ислам діні ақырзаманға дейін өз үкімін жоғалтпайтын, кез – келген уақытқа және жерге жарамды болып табылады. Бұл дінді адамдарға жеткізіп баяндаған Мұхаммед ең соңғы Пайғамбар.
3 – оқушы. Ислам діні қоғамның салауатты өмір сүруге қол жеткізуі, осы жағдайды үнемі сақтап қалу үшін «жақсылықты бұйырып, жамандықты тыю» негізін ұсынады. Ислам – VІІ ғасырда Араб түбінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы. Соған қарамастан әлемде 1, 5 млрл – қа жақыны Ислам дінін ұстанады. Қазақстан халқының 70 % – мұсылмандар. Исламның негізін салушы меккелік Мұхаммед. Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім және Мұхамммед пайғамбардың (с. а. у) хадистері.
4 – оқушы. Сондай – ақ Ислам бір Аллаһқа иман келтірген барлық адамдарды бір – біріне бауыр деп жариялайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед Пайғамбар (с. а. у) арқылы жіберген адамзат баласын тек жақсылыққа, адамгершілікке шақыратын діндердің бірі.
5 – оқушы. Ислам діні адам баласын бірлікке шақырып, араларында бауырластықты насихаттайды. Адамдар арасындағы қарым – қатынастарды олардың жаратылысына және психологиясына сәйкес түрде реттеп отырады.

Сергіту уақыты: Жұмбақ Шешуі: Ағаш,
күн, ай, тау, түннің батуы мен таңның атуы, өзендер, жануарлар, адамдар жалпы барлық табиғат нәрселерін Алла Тағала жаратты.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
3 – сынып тапсырмасы. Мәнерлеп оқу…
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,»
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап еклді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Әмәнту оқымаған кісі бар ма?
Уә күтубихи дегенмен ісі бар ма?
Аллаһ өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
№12 Ф. Досымова атындағы орта мектебінің
бастауыш сыныптары бойынша оқу ісінің меңгерушісі:
Даулетова Айгуль Кенесовна

Имандылық – инабаттылық мұраты. жүктеу


Имандылық инабаттылық мұраты салт дәстүр ислам діні

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар