Санамақтар жинағы | Бастауыш сынып

Санамақтар жинағы
Санамақ
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау – ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки, қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.
***
Бота, түйе,
Құлын, бие,
Торай, шошқа,
Қозы, қошқар,
Қодық, құлан,
Көжек, қоян;
Бақа, шаян,
Торғай, шымшық…
Сен, қал!
Сен, шық!
Саусақ санау ойыны
Қуыр – қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
***
Сен тұр – қойына бар!
Сен тұр – қозыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар…
Мына жерде қатық бар…
Мына жерде қытық бар…
Қытық, қытық!
Нешеуміз
Бір үйде нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балалы үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
***
Жеті ұл
Сәл демалып, тынып ал.
Тақпақ тыңдап, ұғып ал.
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – Бесінші ұл,
Алтыншы ұл – Сенбі,
Жетіншісі – Жексенбі.
***
Санамақ
– Адамда қанша бауыр бар?
– Біреу.
– Қанша өкпе бар?
– Екеу.
– Бір тоқсанда неше ай бар?
– Үшеу.
– Есеп шығаратын амал қанша?
– Төртеу.
– Күнде оқылатын намаз қанша?
– Бесеу.
– Әлемде қанша құрлық бар?
– Алтау.
– Бір аптада неше күн бар?
– Жетеу.
– Малда қанша жілік бар?
– Сегіз.
– Домбыраның пернесі қанша?
– Тоғыз.
– Цифрлар қанша болды?
– Он.
Міне өстіп жаңалап
Айтып шықтық санамақ.
​Санамақтар жинағы жүктеу​​​


Санамақтар жинағы санамақтар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар