Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары

Іс шараның тақырыбы: Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары.
Іс шараның мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу – діңгегі – бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт – дәстүрлерді дәріптеу. Салт – дәстүрді атадан балаға жеткізу. Отбасындағы дәстүрлерге, даму тарихына қызықтыру.
(Воспитание чувств любви и гордости за свою семью, уважения к родителям;
Развитие интереса к истории своей семьи, семейным традициям;
Формирование положительного отношения, уважения к семьям одноклассников;
Знакомство с наиболее распространенными традициями казахског народа).
Көрнекілік: слайд, суреттер, мақал – мәтел, бейнероликтер,
Іс шараның түрі: дәстүрлі емес
Іс шараның әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, тірек – сызба.

Іс шараның барысы:
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп – білген салт – дәстүрлер, әдет – ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт – дүстүрлері бар. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпта өрбімек.
Жақсы дәстүрді сақтаған жарар,
Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,
Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.
Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,
Бірақ дәстүрді, әдет – ғұрыпты,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар!
Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт – дәстүрлеріне бағытталған «Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары» атты сабағымызды бастаймыз!

1. Ойын. «Қарлы кесек»
(Мен шығамын, мен есімді айтамын. Мысалы: мені Мико деп атайды, маған ұнайды. Келесі адамды шақырады. Балалар келесі ата – ананы шақырады.)

2. «Отбасы» ойынымен жалғастырамыз. Ойынның мақсаты ата – ана баласын қаншалықты білетінін байқау. (доп беру арқылы ата – ана жауап береді).
Қызықты сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты – жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың парталас көршісі кім?
6. Бүгін сабақта қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

3. Қазақ халқының салт – дәстүрі.
«Салт – дәстүр» сөзіне ассоцация құрғызу

А) Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
Ә) Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
Б) Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой – қиялына жыр етіп, ананың мейір – шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
В) Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата – ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
… Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауы барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысын.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары. жүктеу


Отбасы отбасы дәстүрлері мен мейрамдары салт дәстүрлер қазақтың әдет ғұрыптары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар