8 саны және цифры | Бастауыш сынып

8 саны және цифры

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: — Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
— Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
— Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап,
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар,

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық. 1 — слайд
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру. 2 — слайд
1) 69 беттегі №4 тексеру.
2) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау,

IV. Өткен сабақты қайталау. 3 — слайд
— Өткен сабақта қандай санмен, цифрмен таныстық?
— Апта дегеніміз не?
— Апта аттарын еске түсірейік 4 — слайд

— Балалар, апта аттары күндерін шатастырып алыпты, орындарын табуға көмектесейік.
V. Жаңа сабақ:
1) Дүйсенбі – 1 — күн. 5 — слайд
— 7 сары жұлдызға 1 көк жұлдызды қосу арқылы 8 санымен танысу;
— 8 цифрын көрсету; 6 — слайд
— сандар қатарындағы орнын анықтау; 7 – слайд
— дәптерге 8 санын жазу; 8 — слайд
2) Сейсенбі – 2 — күн. 9 — слайд
Теңдіктер құрастыру, дәптерге жазу.
3) Сәрсенбі – 3 күн. 10 — слайд

Суретпен жұмыс
Сурет бойынша теңдіктер құрастыру.
4) Сергіту сәті 11 — слайд
5) Бейсенбі – 4 — күн. 12 — слайд
Карточкамен жұмыс
Сандардың көршісін жазу
6) Жұма – 5 — күн. 13 — слайд
«Сиқырлы» суреттерді толықтыру
7) Сенбі – 6 — күн. 14 — слайд
Геометриялық фигураларды атау. Кесінділерді өлшеу, салыстыру
8) Жексенбі – 7 — күн. 15 — слайд
Топпен жұмыс
Әр затқа белгілі бір сан сәйкес келеді. Сол сандарды пайдаланып, Жексенбінің досының мекен — жайын есептеп шығару.

1 — топ
Үй Пәтер
8 – 4 = 4 6 + 1 = 7

2 — топ
Үй Пәтер
7 – 3 = 4 5 + 2 = 7

VI. Қорытынды. 16 – слайд
— Бүгін қандай санмен, цифрмен таныстық?
— Кімдерге көмектестік?
— Қандай тапсырмалар орындадық?
VII. Үйге тапсырма: №5, 72 бет 17 – слайд
VIII. Мадақтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, мадақтау. 18 – слайд
8 саны және цифры. жүктеу
8 саны және цифры слайдты жүктеу

8 саны және цифры математика ,1 сынып, 8 саны және цифры, ашық сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: