8 саны және цифры. | Бастауыш сынып

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: – Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
– Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
– Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап,
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар,

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық. 1 – слайд
Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру. 2 – слайд
1) 69 беттегі №4 тексеру.
2) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау,

IV. Өткен сабақты қайталау. 3 – слайд
– Өткен сабақта қандай санмен, цифрмен таныстық?
– Апта дегеніміз не?
– Апта аттарын еске түсірейік 4 – слайд
– Балалар, апта аттары күндерін шатастырып алыпты, орындарын табуға көмектесейік.

V. Жаңа сабақ:
1) Дүйсенбі – 1 – күн. 5 – слайд
– 7 сары жұлдызға 1 көк жұлдызды қосу арқылы 8 санымен танысу;
– 8 цифрын көрсету; 6 – слайд
– сандар қатарындағы орнын анықтау; 7 – слайд
– дәптерге 8 санын жазу; 8 – слайд
2) Сейсенбі – 2 – күн. 9 – слайд
Теңдіктер құрастыру, дәптерге жазу.
3) Сәрсенбі – 3 күн. 10 – слайд
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша теңдіктер құрастыру.
4) Сергіту сәті 11 – слайд
5) Бейсенбі – 4 – күн. 12 – слайд
Карточкамен жұмыс
Сандардың көршісін жазу
6) Жұма – 5 – күн. 13 – слайд
«Сиқырлы» суреттерді толықтыру
7) Сенбі – 6 – күн. 14 – слайд
Геометриялық фигураларды атау. Кесінділерді өлшеу, салыстыру

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Әлия Мұсақызы
8 саны және цифры. жүктеу


8 саны және цифры 8 саны сабақ жоспары математика 1 сынып

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар