Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау. | Бастауыш сынып

Әдебиеттік оқу 3 – класс
Сабақтың тақырыбы: Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Сабақтың мақсаттары: 1. Өтілген тақырыптарды пысықтау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, алған білімдерін тиянақтап бекіту;
2. Логикалық ойлау қабілетін, өзін – өзі бақылауды үйрету;
3. Мақсатын жетілдіруге ұмтылуға. ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: – Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;
– Өзің – өзі бағалайды;
– Сауатты жазу дағдылары қалыптасады;
– Мақсатқа жетуге ұмтылады, сөйлеу мәдениеті артады.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдер: Репродуктивті – эвристикалық, проблемалық талдау, жинақтап қорыту, бақылау және өзін – өзі бағалау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің». (Сәлем беріп, бір – бірімізге жылылық сыйлайық)
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Негізгі кезеңі. 1. Үй жұмысын тексеру, бекіту. Отан, туған ел, туған жер туралы мақал – мәтел айту, жұмбақтарды жатқа айту.
2. Жаңа сабақ Туған жерім бөлімін қайталау
І деңгей. 1. Тараудағы өлеңдердің авторы кім? Белгіле (+)
2. Сұраққа жауап бер.
а) Әнұранның қайырмасын жаз.
ә) Ақынның «Бостандық таңы атты» дегенін қалай түсінесің?
б) «Туған жерің», «туған елің» сөздерініңғ мағынасын жаз.
в) «Отан деген не?» деген сұраққа жауап жаз.
ІІ деңгей. 1. Мына тірек сөздер қай тақырыптан алынған?
а) Көйлегін кең (…………………………………………………………………………………)
ә) Қасиетті бұл төрт ана (………………………………………………………………………………………)
б) Анам тілі (……………………………………………………………………………………………………)
в) Ол бар болса, мен бармын (…………………………………………………………………………………………………)
г) Мен елімді сүйемін (………………………………………………………………………………………………………….)
2. Мына тақырыптарды мағынасына қарай топтастыр, сызықпен көрсет.
1. Сарыарқа
2. Сенің Отаның 1. Отан от басынан басталады.
3. Туған ел 2. Ел іші – алтын бесік
4. Отан 3. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
5. Үш бақытым
6Мен елімді сүйемін
ІІІ деңгей. 1. Әңгіме жаз «Менің Қазақстаным»
1ІІ. Қорытынды Оқушыларға сұрақ қоя отырып, қорытамын.
ІҮ. Бағалау Оқушылардың ойларын тыңдау, смаликтер арқылы бағалау.
Ү. Үй жұмысы: Қайталау
​Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау. жүктеу​​​


Туған елім туған жерім әдебиеттік оқу 3 класс сөйлеу мәдениеті сауатты жазу қайталау сабақ

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар