Көлік | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Көлік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2. 1. 1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді
Т4. 1. 1 Тыңдаған дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Т5. 1. 1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
А4. 1. 1 Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
10 минут

Сабақтың басы
1. Мұғалім психологиялық ахуал жасайды.
– Психологиялық ахуал. Көңіл – күйлерін бұлт арқылы білдіреді.
2. Үй тапсырмасын тексереді.
3. Қызығушылықты ояту.
Бейнефильмнен көліктердің дауыстарын естіп, қай көліктің түрі екенін айтады. Бейнефильмнен не көргендерін айту арқылы сабақ тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айтады.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады.
– Суреттерді көрсетіп көлік түрлерін атап, қайталау
Қазақша атауларға тоқталу
4. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі (суреттер: ұшақ, автобус, кеме) Әр топтың үстелдерінде аспанның, жолдың, теңіздің суреттері жатады, соған байланысты топтар бірігеді.

Сергіту сәті
Орнымнан тұрамын,
Қанатымды жаямын.
Ұшақ болып ұшамын,
Суда былай жүземін,
Кемелерді тіземін.
Жол тәртібін сақтап,
Автобусқа мінемін.

Сабақтың ортасы 20 минут
Мәтінмен жұмыс:
– Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар тыңдайды.
– Әр топ алдында жатқан мәтінді оқиды, мұғалім дауыстап оқиды.
Көліктер
Көліктердің түрлері көп. Олар: машина, кеме,
пойыз, ұшақ, жедел жәрдем, тікұшақ, өрт сөндіруші, жол полициясы. Мен мектепке машинамен келемін. Менің әкемнің машинасы жаңа, қара түсті.
– «Жасырынбақ» стратегиясы: мәтіннен 3 рет қайталанып тұрған сөзді тап. (бас бармақпен бағалау)
– «Ақылды үштік» стратегиясы: сұрақ – жауап – қимыл. (бас бармақпен бағалау)
– Тақтада ілулі тұрған әуе, су, жер суреттеріне сандықшадан шыққан көлікті дұрыс орналастыру
Бір оқушы – суретті көрсетеді, екінші оқушы – сұрақ қояды, үшінші оқушы – жауап береді.

Средняя школа №17 имени М. Ауэзова
Г. Усть – Каменогорска
Мукашева Ислана Садыбековна
Көлік. жүктеу


Көлік көліктің түрлері қысқа мерзімді сабақ жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар