Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы) | Тәрбие сағаты

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы)
Балалар залға көңілді әуен – сазбен кіріп шеңбер құрып тұрады
Жүргізуші:
Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді
Келіңіздер, келіңіздер би де билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

1 – бала
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.

2 – бала
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

3 – бала
Өлеңді де әзір, ән де әзір
Ойын да әзір бәрі де әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Жүргізуші: Бәріңізді орманға шақырамыз, кел дейміз
Осы кешті ғажайып ертегіге тең дейміз
1 «Жаңа жыл» Әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар неге келмей жатыр?
Кәне бәріміз бірге оларды шақырайықшы.(Балалар шақырады. Бірақ олардың орнына Базилио мысық пен Алиса түлкі келеді)
Түлкі: Ақсақ, соқыр Базилио мысықты жіберіңізші, кіргізіңдерші!
Мысық: Аязға тоңып қалдық. Бізде «Ақымақтар» елінде сондай суық.
Түлкі: Біздер кесіп, алау етіп жағып, түбінде жылынатын үлкен ағаш іздеп жүрміз.
Мысық: (Шыршаға қарап) Ой, Түлкі қарашы міне үлкен ағаш, бұтағы да көп. Жақсы отын болады.
Түлкі: Қарасаңшы, Дұл ағаш шамдармен, шарлармен сәнделген ғой.
Мысық: Саспа, біз ағашты кесіп аламыз, шамдарды, шарларды алып, сатып жібереміз. Сонда бізде көп ақша болады. Тез балта әкел кесейік!( Түлкі шырша түбінен кілт тауып алады )
Түлкі: Базилио, қара қандай қызық кілт. (қолына алып, тісіне басып көреді.)
Түлкі: Бұл кілт біз жолда көрген үйшіктің кілті емеспе екен? Есіңде ме, сол үйшіктен тәтті иіс шығып тұр еді – ау!
Мысық: Мүмкін сонда көп ақша бар шығар! Түлкі бұл шыршаны қояйық. Анау үйшікке барайықшы. Сонда жылынып, тамақтанамыз әрі баймыз.(қашып кетеді)
Жүргізуші: Ой, түлкі мен мысық неткен жаман еді. Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп келмей жатыр екен? Кәне балалар бәріміз тағы да Аяз атамен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.
(Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Аяз ата.
Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
Алыс – алыс жерлерден
Ормандардан, белдерден
Биік – биік таулардан
Белес асып баулардан
Сыйымызды сендерге
Ұсынуға келемін
Өнеріңді көрсетсең
Хош алып, сый беремін!

Жүргізуші:
Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл!
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда біз
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Жүргізуші: – Ендеше барлығымыз жаңа жылды қарсы алайық. (Залға маймыл кіреді)
Келді, міне Жаңа жыл
Қарсы алайық, бәріміз
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.
4 – бала.
Келді жылым – бақытым
Кемелденді уақытым
Сәлем саған Жаңа жыл
Жаңа бақыт, Жаңа нұр
5 – бала
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне Жаңа жыл
Татуларын арқалап.
Аяз ата: Балалар шыршаның шамдары түгел жарқырап тұрған жоқ қой? Олай болса шыршаны жағайық. Барлығымыз бірге:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
2 «Шырша» Әні орындалады.
Жүргізуші: Келіңіздер, келіңіздер, тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан сыйлық алып көріңдер.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
«Ақшұқыр мектеп – лицейі»мемлекеттік мекемесі
«Кәусар» шағын орталығы шағын орталық тәрбиешісі
Түгелбаева Перизат Елубайқызы

Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі (ересектер тобы). жүктеу


Жаңа жыл ертеңгілігінің сценарийі қош келдің жаңа жыл жаңа жыл ертеңгілігі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар