Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз
Мақсаты: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды таныту.
Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, шарлар, гүлдер

Жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Құттықтау сөздер
ІІІ. Әдеби – музыкалық монтаж

1 – жүргізуші:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдеп.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас – қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың – ау нұр жүзіне сүйсініп
Ән «Ұстазым»- хор

Жүргізуші:
Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң, тыныстап кең тұрасың.

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың

1 – жүргізуші:
Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым, ұстаз, сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.

Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым болашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.

1 – оқушы:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз. жүктеу


Ұстаздар күніне арналған ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз мұғалімдер күніне арналған

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар