0 саны мен цифры | Бастауыш сынып

0 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: * 0 саны мен цифрымен таныстыру
* 0 санының пайда болуы, орны туралы мәлімет беру
* Қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру
*Ойлау қабілеттерін жетілдіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, орнымыздан тұрып айналамызға, бір – бірімізге жылылық сезімін білдіріп амандасып алайық.

Қуан, шаттан алақай
Қуанатын кез келді
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн.
– Жақсы, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілі.
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Ай аттарын айтамыз.
– Қыркүйек, қазан, қараша.
– Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
– Күн суытады, салқын жел тұрады.
– Тағы да қандай ерекшеліктер болатынын байқау үшін ауыл саябағына саяхат жасаймыз.

Cонымен, балалар саябақта қандай өзгерістерді байқап тұрмыз?

– Ағаштардың жапырақтары сарғайып, сары, қызыл түске боялған. Қурап, желмен жерге түсіп жатыр.

Ойын: «Кім білімді?»
Шарты: Жапырақтарды түстеріне қарай топтастырып, өткен сандарды еске түсіру.
– Қандай түсті жапырақтарды көріп тұрмыз?
– Қызыл, сары түсті.

– Ендеше, балалар жапырақтарды түстеріне қарай топтастырып жинаймыз. Қызыл түсті жапырақ қанша, сары түсті жапырақ қанша?
– Cары түсті бір. Қызыл түсті екі.

– Сонда біз өткен сабақта қандай сандармен таныстық?
– 1 және 2 сандарымен.
– 2 санының алдында қандай сан тұрады?
– 1
– 1 санынан кейін қандай сан тұрады?
– 2
Ойын: «Не өзгерді?»

Шарты: Жаңа сабақпен таныстыру. О ұғымын қалыптастыру.
– Балалар, ағаш бұтағында неше жапырақ бар?
– Екеу.
– Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті. Неше жапырақ қалды?
– Біреу.
– Қалған бір жапырақ жерге түсті. Бұтақта жапырақ бар ма, жоқ па?
– Жоқ. Бұтақ жапырақсыз қалды.
– Яғни, балалар ештеңе жоқ деген сөз ноль мағынаны білдіреді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

– Мынау ноль санының жазылу таңбасы, цифры 0
0 саны жоқ, бос деген мағынаны білдіреді.
– 0 саны допқа, жұмыртқаға ұқсайды.

0 саны 1 – ден кем, яғни 1 – дің алдында болады.
1
Дәптермен жұмыс: Үлгіге қарап ағаш құртының денесіндегі, қыздың денесіндегі жасырынған 0 – ді қарындашпен бояу. Тор көздегі 0 – ді бастырып жазу.

Ойын:«Кім жылдам.»
Шарты: Күзгі саябақтағы саңырауқұлақты, ағаш бүрлерін қолданып есептер құрастыру.

Ойын: «Қандай таңба»
Шарты: Жаңа сабақты бекіту.
– Бүгін қандай санмен таныстық?
– Ноль деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
– 0 саны неге ұқсайды?
– 0 саны қандай санның алдында тұрады?

– Балалар, осымен сабақ аяқталды. Қойылған сұраққа жауап беріп, сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
Шахта орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аханова Назгул Жанбырбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Қосу азайту таңбалары 0 саны мен цифры математикадан ашық сабақ 0 саны және цифры сабақ жоспары 1 сынып қмж

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар