Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары | Тәрбие сағаты

Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары

Тәрбие жұмысының міндеті мен мақсаттары:
1. Оқушылардың білімдерін дамыта отырып тәрбиелеу.
2. Оқушыларды адал болуға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
3. Өз Отанын, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.
4. Халқымыздың тұрмыс – салт дәстүрге, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
5. Бір – біріне көмек көрсетуге, бірлесе отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу

Тәрбие жұмысының ұйымдастыру принциптері:
1. Сыныпты ұйымшыл болуға үйрету.
2. Қоршаған ортамен қарым – қатынаста болуға, үлгілі және тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының бағыттары:
1. Патриоттық сананы қалыптастыру.
2. Рухани адамгершілік даму
3. Этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу.
4. Экологиялық және эстетикалық тәрбие
5. Құқықтық тәрбие.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
7. Жастар инициативасын қолдау
8. Қыздар тәрбиесі
9. Айлық жұмыс жоспары

Сынып мінездемесі
2 – сыныпта 11 оқушы, 6 ұл, 5 қыз бала бар. Ұлттары қазақ.
Жас мөлшерлері 7 – 8 жас. Бала тәрбиесіне, оқуына, дамуына мүмкіндік жасаған жанұяда өсіп келеді. Оқушылар оқу бағдарламасымен толық қамтамасыз етілген.
Оқушылар бірін – бірі жақсы біледі. Барлығы бір ұжым болып жұмыс жасауға үйреніп келеді. Бір – бірін жақсы түсінеді. Жақсы қарым – қатынас жасайды.
Ойлары шапшаң, жұмыс істеулері де шапшаң оқушылар бар. Оқушылардың мектепке деген ынталары, сүйіспеншіліктері мол. Дегенімен балалардың тілдері шорқақтау, ана тілінде өз ойларын жеткізуге қиналады.

Тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары. жүктеу


Тәрбие жұмысы бастауыш сыныпқа арналған жоспары тәрбие жұмысының бастауыш сыныпқа арналған жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар