«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік | Тәрбие сағаты

Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласының білім бөлімі ММ
«Озерки жалпы орта білі беретін мектебі» КММ
Тәрбиешілер: Рахметова Р. Б.
Жунусканова Г. С.

«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.
Кәмпит: (ортаға билеп шығады)
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа – жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.

Балалар, мен Аяз – атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз – ата сендерге әлі келген жоқ па?
Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз – ата, Ақшақар.
Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа – жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).
Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қаттырақ.
Жүргізуші: Аяз – Атасыз біз ештеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –
– Алло, ата «Балдырған» мен «Бүлдіршін» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз – Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Жүргізуші: – Балалар, Аяз – Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Шырша» әні.
Жүргізуші: – Балалар, Аяз – Ата өзі қандай?
Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз – Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз – Ата (3 рет қайталайды).
Жүргізуші: Аяз – Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз – Ата: шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.
Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.
Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.
– Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!
Сылдырмақтарды ойнатыңдар!
Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Сылдырмақтар» биі.
Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Аяз – Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Аяз – Ата: Қазір мен ормандағы барлық аңдарды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.
Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.
«Аңдар» биі.
Түлкі: Мен үйден шықпаймын,
Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық.

«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік. жүктеу


Кел жаңа жыл мерекелік ертеңгілік жаңа жылдық сценарий қош келдің жаңа жыл сценарийі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар