Қазақстан – көпұлтты зайырлы мемлекет | Тәрбие сағаты

«Мәңгілік Ел» 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – көпұлтты зайырлы мемлекет
Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой – өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету.
• Елін, жерін, салт – дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: сөздік, сұрақ – жауап,
Оқыту құралдары: сөздік, көрнекілік, оқулық, Қазақстан физикалық картасы.
Ұйымдастыру кезеңі:
*Оқушыларды сабаққа дайындау.
*Сәлемдесу.
*Оқушылардың назарын сабаққа бұру.
*Үй тапсырмасын тексеру.

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы, аса бай ел. Қазақ елі – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату – тәтті өмір кешуде. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян – қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын – қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр.
– Сұрақ – жауап кезеңі
1. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздігін алды?
(1991 ж. 16 – желтоқсанда)
2. Ең алғашқы елбасы сайлауы қашан болды?
(1991 жылы 1 желтоқсанда – Президенттің сайлауы болды)
3. 1 – желтоқсан қандай күн?
(Тұңғыш Президент күні)
4. Қазақстанның жаңа конституциясы қашан қабылданды?
(1995 жылы 30 тамызда)
– Қазақта ырыс қайда барасың десе?
– Ынтымағы жарасқан елге барам деген нақыл сөз бар.
Еліміз жаңа XXI ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып, қадам басты. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір – біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.
Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым – қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел – халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.

Ой толғау.(сұрақ қою арқылы оқушылар пікірін тыңдау)
Қазақ елі Тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?

Мұғалім: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сен білесіңбе?
Жер шарында бізден басқа қандай көпұлтты мемлекеттер бар?
Әлемде көп ұлтты елдер басым. Ондай халықтың көбі (500ден астам) Үндістанда тұрады. Олар 100 – ден астам тілде сөйлейді. Қытайда 60 – тай ұлт өмір сүреді. (барлық Еуропада сонша ел бар) Ресейде 180 – нен астам ұлт бар. Дүние жүзіндегі ең көп ұлтты мемлекеттердің бірі АҚШ. Тек бір Нью – Йорктің өзінде 177 ұлттың өкілдері тұрады.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді, еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та, аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым», – деген еді.
Қортынды: Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!!!
Сабақты бекіту:
1 Қазақ елі Тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?
2 Зайырлылык дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Қосымша мәліметтер жинату

Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№ 29 Александр Герцен орта мектебі Мадибекова Б. А.

Қазақстан – көпұлтты зайырлы мемлекет. жүктеу


Мәңгілік Ел Қазақстан көпұлтты зайырлы мемлекет туған жер туған ел

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар