3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру | Бастауыш сынып

3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру | Бастауыш сынып

Мектеп: Мәриям Хәкімжанова атындағы 20 орта мектеп
Бөлім: Көбейту және бөлу. Есептер
Сабақ тақырыбы: 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) 3 — ке көбейту кестесін құрастыру, көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындау.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Алдыңғы оқу: 3, 4, 5, 6 сандарын 3 — ке көбейту кестесі.

Сабақтың басы
10 минут Психологиялық дайындық
«Жүректен — жүрекке» — тілек айту
Шағын топтарға біріктіру. Гүл күлтешелеріндегі өрнектің мәніне сәйкес сандарды табу арқылы топтасады.
Топ жетекшісін сайлау, ережені қайталау, бағалау парақшасын ұсыну, бағалау критерийлерімен танысу.
1. Ыстық орындық» — 2 мен 3 тің көбейту кестесін еске сақтауларын бақылау
2.«Анаграмма шеш»
1 — топ: суреттегі сөзден ә, б әрпінің орнына е, г әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
2 — топ: Соңғы әрпін алып, басына ж әрпін қойып, оқы
3 — топ: б мен қ әрпін алып тастап, орнына ғ мен з қойып оқы
4 — топ: ұ — ның орнына о қойып оқы
— Не шыққанын түсіндір.
— Бүгінгі сабағымыз қандай сандарға арналады, оларды не істейміз?

Сабақтың ортасы
№1 — Т. «Ойлан, жұптас, талқыла» Әр топтан бір оқушы қалай орындалғанын ережелерге сүйеніп түсіндіреді.
№2, №3 а, ә – Т. «ЖИГСО» әдісімен орындайды, тақтаға спикер шығып қорғайды, жазады. Қалған оқушылар тексеріп, дәптерге жазады.
Бағалау критерийі:
Қысқа шартының дұрыс жазылуы — 1 балл
Сұрақ дұрыс қойылуы — 1балл
Шешуінде амалды дұрыс таңдауы — 2 балл
№3 б- оқу, талдау, тақтада шығару С деңгей
Сұрақ:- Қағазды қалай өндіреді?
— Жер шарында қанша адам бар?
№5. «Кім жылдам?» ойыны топтық жарыс.
4 бағаны әр топқа беріліп, санаулы уақытта аяқтауын қадағалау.
№6. «Ыстық микрофон». 8, 5, 7, 10 асықтан беріп, үш — үштен неше балаға беруге болатынын, нешеуі артылып қалатынын іс — әрекет арқылы көрсеткізу.

Деңгейлік тапсырмалар:
С деңгей. Көбейтуге байланысты тест жұмысын орындайды.
В деңгей:№7. Өрнектер құрып мәнін табады, бір — бірін бағалайды.
А деңгей: зерттеу өзгешелігі бар тапсырма:
Ұзындығы 3*а см кесінді сыз, мұндағы а=2, 3, 4
Асқар 1 дәптер үшін200 тг төледі. Кәрім осындай 3 дәптер үшін неше теңге төледі.
Теңдеуді есептемей — ақ шеш:
83*7=x*83
58*4=4*x
8+8+8=x*3
x*3=15+15+15

Үй тапсырмасын беру: №4 – дәптерге орындау, кестені жаттау.
Бағалау. Топ жетекшілерінің бағалауын тыңдау, өзін — өзі бағалау «Блоб ағашы», Топтарды бағалау.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан білгенім, Сабақта ұнағаны, Сабақта ұнамағаны

3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру. жүктеу

Көбейту және бөлу, 3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру ,3 — ке көбейту кестесін құрастыру

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: