Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер | Бастауыш сынып

Дүниетану 3 класс

Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Ылғал сүйгіш су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру.
2. дамытушылық: Ойлау қабілеттерін өй өрісін, қызығушылығын ояту, топпен жұмыс істеуге қабілеттерін дамыту.
3. тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі мен құрал – жабдықтары: Жұмбақтар, өсімдік рөлі,
Электрондық оқулық, беде, бақбақ, қоңырбас, жантақ, сексеуіл, сүттіген, жүзгін ағаш суреттері
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс
әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару
1. Оқушыларды топқа бөлу
І топ. Ылғал сүйгіш өсімдіктер
ІІ топ. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушылармен дайындық жұмысын жүргізу.
Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Бүгінгі алғаң бағаң
Кілең бестік болсын!

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Суретпен жұмыс
а/ 117 беттегі суретке ат қойып, әңгімеле жазып келу.
Сұрақтар:
1. Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қандай жағдайлар қажет?
2. Суреттегі тірі табиғаттарды ата?
3. Суреттегі өлі табиғаттарды ата?
4. Кез келген өсімдік қайда тіршілік етеді?
У. Жаңа сабақ
Ой қозғау
« Сиқырлы ағаш» ойыны
Жұмбақтар шешу.
І топ: Бидай, Жүзім, Шабдалы
ІІ топ: Күнбағыс, Жаңғақ, Таңқурай,
Өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай ағаш, бұта, шөптекті өсімдік болып 3 топқа бөлінеді.

Ағаштар – Қайың, терек, көктерек, жиде, үйеңкі, қарағаш, емен, алма, өрік, шие, шырша, қарағай
Бұталар – Қарақат, таңқурай, итмұрын, жыңғыл, сексеуіл, жүзгін, жүзім

Шөптекті – қоңырбас, жоңышқа, мия, беде, жусан, жантақ, бидай, бақбақ, көкөністер, сүттіген
Бүгінгі жұмбағымыздың жауаптары Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктер.
УІ. Мағынаны тану
Электрондық оқулық «Өсімдіктер әлемі»
Оқушыларға Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы түсініктеме беру
Ылғал сүйгіш өсімдіктердің жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген. Жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады. Суды буландырған кезде саңылаулар ашылады. Өсімдік булануды реттейді. Мұндай өсімдіктер ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктерді су өсімдіктері деп атайды.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Жантақ, сүттіген, сексеуіл, жүзгін. Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, ыстық жерде өседі.

УІІ. Суретпен жұмыс
1. Мына өсімдіктер қандай тіршілік ету ортасына жатады?
2. Ылғал сүйгіш өсімдіктер – Бақбақ, Беде, Қоңырбас.
3. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер – Жантақ, Сүттіген, Сексеуіл,
Ылғал сүйгіш – суреттегі өсімдіктердің жапырақтары жалпақ, тамырлары онша ұзын емес, шашақты, сабағы иілгіш, тік ылғалды буландыруға бейім.
Құрғақшылыққа төзімді – Жантақ жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келген. Сүттіген тамыры қысқа, қалың жапырақты суды аз буландырады.

УІІІ. «Жарнама» ойыны
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер өздерінің өсімдіктерін визитка беру арқылы жарнамалайды. Олар: 1 топ Бақбақ, Беде 2 – топ Жантақ, Сексеуіл

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті Ы. Алтынсарин атындағы
№ 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі
Сулейменова Гульмира

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу


Ылғал сүйгіш су өсімдіктері құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер ашық сабақ дүниетану 3 сынып

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар