Зерде танымдық ойын | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Зерде танымдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың жан – жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)
2. Кіріспе бөлім.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады
– дей отырып, « Зерде» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар – Айтжанова Ж. А. Турабекова Ж. А.
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Алғырлар» тобы, «Тапқырлар» тобы

Бөлімдермен таныстырып өтейін:
1 кезең – Таныстыру
2 кезең -«Білімді болсаң, бақ сына?»
3 кезең -«Шым – шытырық сұрақтар»
4 кезең -«Мақал – сөз мәйегі»
5 кезең -«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
6 кезең -«Құпия хаттар»
7 кезең «Кім жылдам?»
8 кезең «Поэзия минуты»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
– деп сайысымыздың 1 – бөлімін бастаймыз.

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5оқушыдан қатысады)
ІІ – кезең: «Білімді болсаң, бақ сына»
Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік
– Бұл кезеңде пән бойынша білім деңгейлерін тексереміз. Яғни математика пәні бойынша.

Алғырлар тобына:
1. 28 – 19 =9
2. Алмұрт 9, алма одан 2 – еуі кем. Барлығы неше жеміс? ( 7 )
3. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
4. 2 апта 2 күн неше күнге тең? (16)
5. Сенде барлығы 80 теңге. Оның 25 теңгесіне дәптер, 15 теңгесіне қалам алдың. Сенде қанша теңге қалды? (40)
6. 45+32= 77
7. 1 жұмыртқа 2 минутта піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (2 минутта)

Тапқырлар тобына:
1. 49 – 27=22
2. Құлпынай 13, шие одан 10 – ы артық. Барлығы қанша жеміс болды? (36)
3. 1ц неше кг бар? (100 кг)
4. 1 сағ 20 минут неше минутқа тең? (80минут)
5. Айнұрда 15 кітап, 12 қалам және 3 сызғыш бар. Айнұрда барлығы неше құрал бар? (30)
6. 24+32= 56
7. Ағашта 12 торғай отыр еді. Аңшы оның 4 – еуін атып алды. Нешеуі қалды? (8)

Мұғалім:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
– Олай болса, қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді тексерейік.

Алғырлар тобына:
1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
2. «Қалам» сөзі қандай дауыстылардан құралған? (жуан)
3. «Аңшылықтың» сөзінде неше буын бар? (4 буын)
4. Еңбек туралы бір мақал айт.
5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді, ата. (2 – ге, жуан, жіңішке)
6. Й қандай дыбыс?

Тапқырлар тобына:
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Қ, к, т, с әріптері қандай дауыссыздар? (қатаң)
3. «Қанаттан» сөзінде неше буын бар? (3 буын)
4. Оқу, білім туралы мақал айт.
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, оларды ата. (3 – ке, ұяң, үнді, қатаң)
6. Мәтіннің неше түрі бар? (Пайымдау, сипаттау, әңгімелеу).

Зерде танымдық ойын. жүктеу


Зерде танымдық ойын зияткерлік сайыс интеллектуалдық ойын жоспары

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар