Кел төрлет, Жаңа жыл! | Тәрбие сағаты

Кел төрлет, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Жасыл шырша, түрлі – түсті от – шашу, гүл, жалауша, шарлар, қанатты сөздер, буклет, мерекелік қабырға газет және т. б.

Барысы:
Би: «Сыр маржандары»
Жетекшісі Қыдырова Айнұр апайдың сөзі, тілек.
Музыка: Сахнаға 3 жүргізуші шығады.
Шаттық: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Несібелі: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Қарақат: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.

Шаттық: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде – әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Несібелі: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Нальтаев Құлахмет Сейдахметұлын ортаға шақырамыз!

Қарақат: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әншіқызың ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек Аружанның орындауындағы Жаңа жыл әні. Қарсы алыңыздар! (үшеуі бірге)
Аружанның әні, тілегі.

Шаттық: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,

Несібелі: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.

Қарақат: Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Шығарып сап Мешінді,
Төрге шықсын тауығым.
Тауық баларандарымен келеді. Тілектері.
Жанар, Балнұр, Айша, Тоғжан, Нұрбақыт, Назар.

Иттің сөзі: Хош көрдік қадірменді ағайын. Мені құрметпен қарсы алып жатқандарыңызға рахмет. Құдай қаласа мен сіздерге бақыт, қуаныш, табыс жылы боламын деп үміттенемін. Осы жыл күткенімізді ақтап, барлығыңызға бейбітшілік, амандық әкелсін. Сізге және сіздің жақындарыңызға болаттай денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін. Бүгін мен сіздерге күшіктеріммен бірге тосын сый ала келдім.
Үш жүргізуші: Олай болса, кел төрлет, Жаңа жыл!
Би: «Балапандар» биі.
Билеп жатқанда Аяз ата кіріп келеді.

Шаттық: Қош келдіңіз Аяз Ата,
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.

Несібелі: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.

Аяз Атаның сөзі: Құрметті достар. Сіздерді жаңа Ит жылымен шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа жыл сіздерге жағымды жаңалықтармен, телегей табыс мол болсын. Әрбір игі істеріңізбен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ береке әкелсін.

Хор. «Жаңа жыл»

Қарақат: Аяз ата достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыз. Ендеше келесі кезекті өнерлерін әзірлеп отырған ерекше мерекелік кештеріне берейік. Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға сыныптың жас таланттарын шақырамыз!

Би: Заманауи би.

Шаттық: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тауық жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар тәй – тәй басқан «Түгіскен» өнер мектебіміз де аз уақыттың ішінде өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Кел төрлет, Жаңа жыл! жүктеу


Жаңа жыл 2018 сценарий кел төрлет жаңа жыл жаңа жылға тақпақтар

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар