Тәуелсіз елім Қазақстан | Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстан
Мадина
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы.
Лаула – лаула желтоқсанның,
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің.
Ешқашанда тиісті емес,
Еңкеюге жалауы.

Жігер
Қайырлы кеш, құрметті ата – аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға – апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер! «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби – қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мектеп оркестрі
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өтке бәрінен.

Мадина
Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?
Ән «Менің Қазақстаным»

Жигер
Сүйрік саусақ сағадан,
Мен бұралған өрмелеп.
Асып – тасып сабадан,
Биші кетер дөңгелек.

Би «Қазақ биі»
Мадина
Тапталмасын деп қазақтың кең ары,
Тәуелсіз туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға не бәрі.
Сахналық қойылым «Қайсар ару – Ләззат қыз»
«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады. Көшеде ерсілі қарсылы өтіп жатқанда адамдар
Тәртіп сақшылары
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш,
Халық та көп көшеде қарақұрым.
Жас ару қыз келеді ілбі басып,
Жатахана тым алыс баратұғын,
Кешкі шамы қаланың сығырайған.
Мезгіл еді айнала тымырайған,
Кеше ғана бұрымын кескен мұның.
Құтылғаны әлі есте сұмырайдан,
Ажал ма әлде де елес пе тақымдаған.
Тырс еткен болды үн жақын маңнан,
Қыз жүрегі зу етіп, именсе де.
Баса берді ілгері батыл қадам
(екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап бастайды)

Жигер
Күзетшілер жол тосқан құтқармады,
«Тексереміз» – деп қызды мықты арбады.
«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл»
Деген сөзге арланды ол бұлтарғында,
Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды.
Өңменінен итерді жабысқанды,
Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек.
Өздерінше жөн көрді танысқанды,
(екі солдат тұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады)
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын,
Қайрат, Ербол Кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
(сахнада – Ләззаттың бейіті, суреті, туған жылы және қайтқан уақыты жазылған мәлімет)
Анасы бейітке гүл қойып жоқтау айтады.

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл

Тәуелсіз елім Қазақстан. жүктеу


Тәуелсіз елім Қазақстан 16 желтоқсан күніне арналған сценарий тәрбие сағаты тәуелсіздікке

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар