Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі | Тәрбие сағаты

Жыл таланттары
«Жыл таланттары» кешінің мерекелік сценарийі
Сахнада мерекелік шара жүргізушілері.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар!
2 – жүргізуші: Мардан Байділдаев атындағы №232 мектеп ұжымы ұйымдастырып отырған «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Жыл таланттары» кешіне қош келдіңіздер!
1 – жүргізуші Бұл күн – білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
2 – жүргізуші: Бұл күн – өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
1 – жүргізуші: Бұл күн – әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!
2 – жүргізуші: Иә, бүгінгі күн – Мардан Байділдаев атындағы №232 мектебінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен қоғамдық жұмыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!
ӘН – шашу «Менің Қазағым» Айтбай Ұлпанның орындауында
1 – жүргізуші: Ең қабілетті де
2 – жүргізуші: Ең шығармашыл.
1 – жүргізуші: Ең мейірімді де
2 – жүргізуші: Тілалғыш.
1 – жүргізуші: Әділдікті сүйетін
2 – жүргізуші: және Адам жанын түсіне білетін,
1 – жүргізуші: Бір сөзбен айтқанда, «Жыл таланттарын» қарсы аламыз
2 – жүргізуші: Сонымен, алдарыңызда, мектебіміздегі тұңғыш «Жыл таланттарының» қатысушылары.
1 жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке – жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.
2 – жүргізуші: Олай болса, сахнаға «Жыл озаттарын» шақырамыз.
1 – жүргізуші. Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім – кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллекттісі жоғары оқушыларымызбен мақтанамыз.
Өз – өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын мектебіміздің дарынды оқушыларын сахнаға шақырамыз.
(Сахнаға дарынды оқушылар шақырылып, аты – жөнімен таныстырылады.).

Бақыт Асылзат – республикалық «Жас ғалым»- 2017 байқауында ең үздік ғылыми жобаның ІІІ орын иегері, аудандық Ғ. Мұратбаевтың 115 жылдығына орай өткен «Мен Ғанимын»тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасында, аудандық пәндік олимпиада иегері.
Болысбекқызы Сымбат – жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын»республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІІ орын иегері
Жаңабай Зылиқа – облыстық, аудандық жыр мүшәйраларының иегері, аудандық «Жалағаш аруы» байқауының 3 орын иегері
Жетпіс Гүлдана – жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын»республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІІ орын иегері, аудандық «Көркем сөз оқу шеберлері»сайысының алғыс хат иегері, биология пәнінен аудандық олимиада 3 орын иегері
Серік Нұрай – республикалық қашықтық олимпиада жеңімпазы, орыс тілі пәнінен аудандық пәндік олимпиаданың ІІІ орын иегері
Сайлау Жанель – облыстық, аудандық олимпиаданың І орын иегері, – жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІ орын иегері
Сабыт Наргиза – 2 жыл қатарынан аудандық информатика пәні бойынша өткізілген олимпиаданың ІІ орын иегері
(ортаға Болысбек Сымбат пен Бақыт Асылзат сөз сөйлейді)
1 – жүргізуші: Біз – алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз.
1 – жүргізуші Мен қазақпын ұланымын ұлы елдің.
Мен қазақпын тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Жүргізуші:
Ортаға мектеп жанынан құрылған әскери патриоттық клуб мүшелерін шақырамыз. Жетекшісі Сариев Болат
1 жүргізуші: Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың исін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын.
1 – жүргізуші: Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген «Өнер тарландарын» ортаға шақырайық.
Жетекшісі: Рахымжанова Қалдыгүл
Сабырбай Ақзер – Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы
Айтбай Үлпан – 5 – 11сынып оқушылары арасында өткізілген Абай оқуларының «Көңілім әнді ұғады»бөлімі бойынша ІІІ орын иегері, «Тәуелсіз елім менің»тақырыбында өткізілген патриоттық әндер байқауының ІІ орын иегері
Мұңайтпас Ерқанат – аудандық аспаптық әндер байқауларының жеңімпазы.
Ерболат Кәусар – Мәңгілік Ел аудандық патриоттар байқауының қатысушысы
Исмайл Мансұр – аудандық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы
Ән: Ерболат Кәусардың орындауында «Жаңа Жыл» әні
2 – жүргізуші: Біз – ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
1 жүргізуші: Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызда «Спорт майталмандарымен» байланыстырамыз.: Ортаға мектеп намысын қорғап жүрген спортшыларымызды шақырамыз.

Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі. жүктеу


Жыл қортындысы жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар