9 саны және цифры | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры
Мақсаты:
Білімділік: «Зат – сан – цифр» сәйкестігін тағайындай алу білігін тиянақты қалыптастыру, 9 санын шығарып алу тәсілдері жайындағы білімді бекіту. 9 цифрын жазуды қалыптастыру. Сандар қатарын, сандарды санауға төселдіру. Ұзындықтарды салыстыруға үйрету.
Тәрбиелілік: Алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой – өрісін есте сақтау қабілет дамыту.
Типі: Жаңа білімді бекіту
Түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, салыстыру
Көрнекілігі: 1 – 9 – ға дейінгі сандар, слайд
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Сабақтың ережесімен таныстыру.
1. Ұйымшылдықпен қатысу.
2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Сұрақтарға нақты жауап беру.
4. Белсенділік таныту.
5. Ойын жүйелі жеткізе білу.
ІІ. Сабақтың түрін ашып алу

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
«Санай біл»
ІҮ. Жаңа сабақ
1. 9 санының баспа жазба түрімен таныстыру
2. Сан қатарын санату
3. Сағаттан 9 уақытын көрсету, анықтату

Ү. Дәптермен жұмыс
9 цифрын жазу
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
№1 Теңдіктің қалай құрылғандығын түсіндіру
Кесіндінің ұзындығын өлшеу

ҮІІ. Сергіту сәті
«Қалт етпей қағып ал,
жауабын тауып ал.»
9 санын өзінің алдында тұрған сандармен ауызша салыстыру.
ҮІІІ. Тақтамен жұмыс
«Қандай сандар жетіспейді?»

ІХ. Өзбетінше жұмыс
«Ойлан, тап!»

Х. Логикалық тапсырма
«Кім тапқыр?»

ХІ. Сабақты қорытындылау
«Сиқырлы сандық»
Сандық ішіндегі тапсырмаларға жауап алу арқылы балаларға тілек айту
1. Табақта 5 алма, қолымда 4 алма.
Қосқанда барлығын болады неше алма?
2. Ал, қане қараңдар. Неше қоян санаңдар
6 ақ, 3 көк. Шешуін кім табады?
3. Сымда отыр 7 торғай,
Тағы қонды 2 – еуі. Болды енді нешеуі?
4. Талда ілініп тұрды 9 жапырақ.
Ұшып кетті 5 – еуі. Қалды енді нешеуі?
5. Көктемде келді 8 тырна.
Тағы келді 1 – еуі. Болды сонда қанша тырна?
Еліміздің көк туын көкке көтерер, көк жүзіндегі күндей жалтырай берер, бүгінгі бала – ертеңгі дана сендердің араларыңда отыр деп сенім білдіре отырып сабақты аяқтаймын

Х. Оқушыларды бағалау, мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға күн бейнесі үлестіріледі.

Таңбетова Зибагүл
Қызылорда облысы,
Арал қаласы, № 220 орта мектеп


Математика 9 саны және цифры бастауыш

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар