У дыбысы мен әрпі | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: У дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: У дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқып жаттығу.
Сабақтың міндеті:

1. У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі:
– көрсету,
– түсіндіру,
– топтық жұмыс
– Сұрақ – жауап
– Ойын
– Тақтамен жұмыс
– Сигналдық карточка

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
– Түгендеу,
– Партаға дұрыс отыру.
– Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Кеспе әріптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларға жеке әріптерден буын құратып үйрету.
Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдалана отырып, буын, сөз құрату.
Құраған сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс
Т – қатаң, дауыссыз дыбыс
А – ашық, жуан, дауысты дыбыс

III. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру
1) Л дыбысы қандай дыбыс?
– Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
– Л әрпіне берілген сөздерді оқыту.
Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
Ойлаған сөйлемді сызба арқылы көрсет
2) 1 буынды сөздерді тапқызу
Мысалы: Тал, тар

ІҮ. Ойын «Жасырынған буынды тап»
Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тексеру. Қалып қойған буындарды тапқызу арқылы ойлану қабілеттерін дамыту.
… – ға
… – на
Па -….
та -…
Ар -…
пар -….

V. Мағынаны тану
Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру
– У у дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу
– А уа, ау, на уа, тау сөздерін айтып, у дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын анықтату
– У дыбысының емлесіне түсінік беру
– У дыбысы дауысты дыбыстан кейін айтылса дауыссыз дыбыс болады. Мысалы: а – у, та – у
– У у дыбысы дауыссыз дыбыстан кейін айтылса дауысты дыбыс болады.
– Мысалы: н – у, т – у

VI. Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге, қатесіз оқи білуге дағдыландыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру
1) Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату. Сөйлемдерін сызба арқылы көрсету.
Сөйлем неше сөзден тұратындығын анықтату
2) Берілген а – уа, ау, ну, на – уа, тау, ту сөздерін тізбектей оқыту.

VII. Тақтамен жұмыс
Мақсаты: Көркем және сауатты жазу дағдыларын дамыту
– Ауа, науа, тау, Алатау сөздерін тақтаға жатқа жаздыру
– Сөздердегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру
– Буынға бөлдіру

VIII. Сергіту сәтін өткізу
Жел уледі,
Құйын келіп биледі.
Қатты – қатты жел соқты,
Жапырақтар қол соқты

IX. Дәптермен жұмыс
Мақсаты: У у әрпінің элементтерінің жазылуымен таныстыру, У у әрпін жазуға және басқа әріптермен байланысуын үйрету, сауатты жазу дағдыларын дамыту
1) У у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жаздыру.
2) У дыбысының бас әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
3) У дыбысының кіші әрпінің элементтерін жаздырып үйрету
4) Буындық диктант жаздырту: уа, ау, ауа, тау, анау, ну, ту, туу, науа

X. Кері байланыс
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс – түсіндім
Сары түс – әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс – түсінген жоқпын
Сигналдық карточкамен жұмыс

XI. Топтық жұмыс
Жасыл түс көтерген оқушыларға тапсырма: Құрамындағы У у дыбысы дауысты болатын сөздер тауып жазу
Сары түс көтерген оқушыларға тапсырма: құрамында у дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жазу
Қызыл түс көтерген оқушыларға тапсырма:
– У дыбысы бар сөздер айтқызу
– У дыбысының орнын анықтату
– У дыбысының алдында келген дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін анықтату
– Уу дыбысының ерекшелігін түсіндір

XII. Жаңа сабақты бекіту
Мақсаты: У у дыбысы туралы алған білімдерін тиянақтау, бекіту
– У дыбысы қандай дыбыс?
– Ерекшелігі неде?
– У дыбысы соңында келетін сөздерді ата
– У дыбысы дауыссыз болатын сөздерді ата
– У дыбысы басында келетін қандай сөздерді білесің?
Мадақтау

Атырау қаласы,
Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғаімімі Базабаева Мөлдір


У дыбысы мен әрпі ашық сабақ бастауыш У дыбысы және әрпіне қатысты берілген сөздерді оқу

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар