Аяласаң, табиғатты аяла | Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ. Табиғат дегеніміз не?(саяхат – шолу)
1. Тіршілік атаулының бар арманы – ауа
2. Тіршілік көзі – су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4. Орман сәні – құстар
5. Табиғаттың сұлу мүсіні – жануарлар

Мұғалім: – Армысыздар оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Кіріспе:
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық. Табиғат – бізді қоршаған орта. Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі. Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал, табиғатты қорғау дегеніміз – ауаны ластамау, құстарды аялау, өзен – көлдің суын бүлдірмеу, жан – жануарларға қамқорлық жасау.
Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар…
Олай болса, оқушылардың өлең – шумақтарына кезек берейік.

1. Арман: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
2. Айда: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
3. Дамир: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір – бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4. Бекбол: Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
5. Айжан: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
6. Малика: Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
слайд
ІІІ. Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1 – оқушы: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ.
Адам бар – жоғы бір – екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІІІ слайд
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі – су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?
2 – оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.

Ақшұқыр мектеп – лицейі
Өткізген: Бекешова Қ.

Аяласаң, табиғатты аяла. жүктеу


Табиғатты қорғау табиғатты сақтау туған жер табиғатты аялау

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар