Анаға қарап қыз өсер | Тәрбие сағаты

8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында жоғары сынып оқушыларына арналған «Анаға қарап қыз өсер» атты кештің сценарийін ұсынамыз…
Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т. б.

Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.
1 – жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!

2 – жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анаға қарап қыз өсер…» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

1 – жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел – аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?
Осы сәтте экранға мына видео қойылады:

2 – жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью – Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер – азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью – Йорктың жан – жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан – жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

1 – жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал – демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы – ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2 – жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

1 – жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер – дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл – күй тілейміз! Барша туған – туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан – жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

2 – жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

1 – жүргізуші:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

2 – жүргізуші: Қадірлі қауым! Бүгін сіздер «Анаға қарап қыз өсер» атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп (ана мен қыз) қатысады.

1 – жүргізуші: Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Ана мен бала өнері
ІІІ. Аспаздық. Ана мен бала бірлесе отырып тағам әзірлейді
ІV. Ситуациялық сұрақтар
2 – жүргізуші: Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз. (Жеке – жеке атап шақырады да, арнайы дайындалған орындарға отырғызады, ана мен бала ұлттық киімде, әрбірінің оң жақ кеудесінде реттік нөмірі болу керек).
(Сайыскерлеріміз дайын болғанша, «Менің анам алтын» әні орындалады)

1 – жүргізуші:
Гүл көңілі қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді,
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді, – дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық!
(5 жұп таныстыруын көрсетеді)

2 – жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

1 – жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың – дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге…
Ендігі кезекте аналарымыз бен қатарластарымыздың өнерін тамашалуға рұқсат етіңіздер.
(5 жұп өнерлерін көрсетеді)

1 – жүргізуші:
Ең күшті нәрсе не? – десе,
– Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын – әйел, ұлтын көбейтетін – әйел, ұрпақты ұластыратын – әйел, еркекті Ер ететін – әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі – әйел. Махаббаттың асыл нұры – әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті – әйел махаббаты.

2 – жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық:
Оқушы төмендегі өлеңді оқиды (Сахна артында төмендегі бейнебаян қойылады): 1 – жүргізуші:
Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ – бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?
Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ – бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?

Анаға қарап қыз өсер. жүктеу


8 наурыз аналар мерекесі анаға қарап қыз өсер ұлағатты сөздер

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар