Тақырыбы: Гүл мереке, күн мереке – 8 — наурыз!
Мақсаты:
▪ 8 — наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету;
▪ Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу;
▪ Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар, слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа.
Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8 — наурыз — Гүл мереке, Күн мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1. «Ана — өмір шуағы»
2. «Наурыз аруы»
І бөлім «Ана — өмір шуағы»
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 — жүргізуші: Ана деген — жүректегі асыл ән,
Махамбет Ана — бақыт деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің — өмірдегі асыл жан!
2 — жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы
Самат арулар! Сіздерді 8 — наурыз «Халықаралық әйелдер» күні
мерекесімен құттықтаймыз!
1 — жүргізуші: Бізді өсірген анашым,
Махамбет Еңбегің де зор екен.
2 — жүргізуші: Құтты болсын, анашым,
Самат Құтты болсын мерекең!
Олай болса салмақты әжелерге, ардақты аналарға арналған « Ана — өмір шуағы» атты бөлімді бастайық.
1 — оқушы: Ана деген — адамзаттың данасы,
Малика Ана деген — сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген — қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген — өмірдегі қамқорың,
Ана деген — сүйенерің жан құрбың!
2 — оқушы: Ана десе сезім билер тым ыстық,
Жанбатыр Жарасымды адамдарға туыстық.
Бір адамға берсе ана мейірім,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
3 – оқушы: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Әнел Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
1 — жүргізуші: Ән «Анашым». Орындайтын Меткенова Дана
Махамбет
4 — оқушы: Тосып тәтті дәмдерін,
Дильназ Р. Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің!
1 — жүргізуші: Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен
Махамбет әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже
болады.
2 — жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.
Самат Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл
алыңыздар.
Ән «Сағындым әже, сағындым»
1 — жүргізуші: Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы — ана. Ақын да,
Махамбет батыр да анадан туады. Ана — үйдің берекесі, қыз баланың
өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
2 — жүргізуші: Ананың көзінен төгілген нұр жан — жағына шуағын
Самат шашады, олай болса,
— Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі: — АНА!
5 — оқушы: Ана деген — бастауы ұлылықтың,
Ұлжан Ана деген — рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
6 — оқушы: Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Сымбат Ана деген — қуанышы өмірдің.
Ана деген — әрбір үйдің жылуы,
Ана деген — гүлі туған өмірдің.
1 — жүргізуші: Ән «Аналар алтын». Орындайтын ұлдар тобы.
Махамбет
7 — оқушы: Құрметтейік, о, адамдар аналарды,
Дильназ О. Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
8 — оқушы: Ана деген — ақылшың,
Нұрсұлтан Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
9 — оқушы: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Амина Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Бірге: «Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!»
Аналар мен әжелерге дайындаған сыйлықтарын таратып беру.
2 — жүргізуші: Ән «Ақ мама». Орындайтын —————
Гүл мереке, күн мереке – 8 — наурыз! жүктеу
8 наурыз сценарий, көктем мерекелері, 8 наурыз, аналар мерекесіне арналған