Ақиқаттың ақыны /М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби – сазды кеш/ | Тәрбие сағаты

Ақиқаттың ақыны
/М. Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби – сазды кеш/

1 – жүргізуші: – Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
2 – жүргізуші: – Қайырлы күн, ағайын!

1 – жүргізуші: – Халқымыз ақыннан кенде болған емес. Сонау ХҮ ғасырдағы жаужүрек жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл ақыл – ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиналғаны байқалады. Олар өз Отанын сөзбен ғана емес, іспен де, қарумен де қорғады.

2 – жүргізуші: – Осындай жырауларымыздың қатарында Қазтуған, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Махамбеттерді айтатын болсақ, қазіргі заманымыздағы ақиқатты ашына айтар ақындарымыздың қатарында Мұхтар Шахановты атап өтуге болады.

1 – жүргізуші; – Адам мен қоғам өзгерген заманда ақиқатты айтуға, бабаларымыздың «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағидасын берік ұстанып, қоғамның, үкіметтің, басшылардың кемшіліктерін дер кезінде байқап, үлкен азаттық танытып жүрген ақындарымыздың бірегейі – Мұхтар Шаханов.

2 – жүргізуші: – Бұл күнде азаттығы мен поэзиясын бүкіл әлем мойындаған Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ақиқаттың ақыны» атты әдеби – сазды кешімізге хош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: – Мұхтар ағамыздың поэзиясына кезек берместен бұрын, алдымен ақын ағамыздың өмірімен кішкене танысып алайық.
2 – жүргізуші: – Олай болса сөз кезегін 5 – сынып оқушыларына берейік.

1 – жүргізуші: – Білесің бе, Сағыныш! «Мұхтар» сөзі араб тілінен аударғанда азат, білімді, таңдаулы деген мағыналарды білдіреді екен.
2 – жүргізуші: – Онда Мұхтар ағамыз атына заты сай азамат болып өскен десек қателеспейміз ғой?

1 – жүргізуші: – Әрине, қателеспейміз! Қазақ халқы ырымшыл халық қой! Заманымыздың
Заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы алғаш жарық көрген жылы дүниеге келген сәбиіне «Мұхтар Әуезовтей дана болсын» деген ырыммен әкесі баласының есімін Мұхтар қойған екен.

2 – жүргізуші: – Ендеше, ақынның өзінің атының қалай қойылғанын сыр шертетін «Мені неге Мұхтар қойған?» атты өлеңін Өмірзақова Бибіназдың оқуында тыңдайық.
Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтындар мектебіміздің жас мұғалімдері Индира мен Нұрдәулет

1 – жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы балалардың қайсар – қайпас ерлігі мен Шыңғыс ханның зобалаңы туралы сан рет әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой түсіне қояр деймісің» дегеніне әкем «жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуым бар» дейді ақын. Бұлай жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері» дейді ақын.

2 – жүргізуші: – Ендеше, жеңілген жеңімпаз хандығы «Отырар» дастаны немесе «Шыңғысханның қателігі» шығармасынан көрініс тамашалаңыздар.
5 – сынып оқушылары «Отырар» шығармасынан көрініс
Оян, Қайыр бабатайым, қасіретім, қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,
Өзіңді іздеп тіл қаттым.
Аман қапты батыр арман отқа оранған
Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан
Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.
Дәуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам!

2 – жүргізуші: Н. Тілендиевтің әніне жазылған Мұхтардың өлеңі «Әке туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.
Орындайтын………………………………….
1 – жүргізуші:- Ақынның алғашқы өлеңдері туған жеріне, отанына арналыпты. Енді осы өлеңдеріне кезек берейік!
«Төрт сәуле бар» өлеңін оқитын Әлібеков Бағылан
«Тамырсыздық қаупінің тұжырымдамасы» өлеңі оқитын…………………………..
2 – жүргізуші: «Мен қаншама жыл өтсе де бірнеше ағалар туралы қалыптасқан сенім – түйсігіме қылау түспейтіндігіме сенімдемін. Менің тағдырыма ерекше әсер еткен жан – Төлеген Айбергенов. Содан кейін Шәмші Қалдаяқов. Екеуіміз бір топырақтың перзенті болған соң бірге жүрдік. Шымкентте болғанда Шәмші уақытының көп бөлігін біздің үйде өткізген. Ол маған рухани аға, дос, әрі туыс болып кетті. Менің анам марқұм сұрағанда «менің үш ұлым бар, біріншісі – Шәмші, екіншісі – Төлеген, кішісі – Мұхтар,»- деп жауап беретін. Бірде Дінмұхамед Қонаев марқұм үйде болғанда «Жеңеше – ау қазақтың үш мықтысын бір өзіңіз дүниеге әкелген екенсіз»деп қалжыңдайтын. Оны екі адам менің өміріме үлкен шуақ түсірді» дейді Мұхтар Шаханов.

1 – жүргізуші: «Вальс королі»атанған Шәмші ағамыздың әндерінің өзі бір төбе. Ал әндерге өлең жазған Мұхтар ағамыздың өлеңдері біршама! Атап айтсақ, «Ақ бантик», «Туған күн кешінде», « Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі», т. б.

1 – жүргізуші: – Олай болса осы әндерінің бірін тыңдарман қауымға тарту етейік.
М ұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтің әні «Туған күн кешінде». Орындайтын -………………………………..
2 – жүргізуші:- М. Шаханов – табиғатынан қайсарлығы басым ақын. Ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл – мекенсіз өлеңнің өзегіне итере алмайды. Соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды.
1 – жүргізуші: Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар аға ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер еді.
«Ар ұждан – адамдық өлшемі» өлеңін оқитын………………………………
1 – жүргізуші: «Достық – шын мәнінде махаббатпен тең тұратын қасиет. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқ адамды адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» – дейді ақын.
2 – жүргізуші:
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанында сатып кете алады,
Қиын шақта досын сатқан адамдар.
Олай болса, достық өлкесінің заңын биік ұстайық.


Ақиқаттың ақыны Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар