Еліктің лағы | Бастауыш сынып

Сабақтың тақырыбы: Еліктің лағы
Сабақтың мақсаты:
1. Әңгіменің мазмұнын меңгерту, негізгі ойды анықтау.
2. Қайырымдылыққа, табиғатты қорғауға, ұғымталдыққа, адамгершілікке баулу.
3. Ой-өрісін, тілін дамыту. Таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Психологиялық дайындық, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда ерекше. Осы сабағымызды ойдағыдай етіп өткізіп, өз білімімізді қонақтарымызға көрсете білейік. Сабақтың барысында өз-өздеріңізді жақсы жағынан көрсете білу үшін қандай кедергілер кездесуі мүмкін? Осы кедергілерді алдарыңыздағы қағазға жаза қойыңыздар. (1 мин 1 сөзбен).
Мысалы: Асығыстық, кластың ауасының тар болуы т. с. с.
(Оқушыларды тыңдау).
– Ендеше осы кедергілерді жояйық!
(қағазды умаждайық)
Кедергі жойылды!
– Сабағымыз сәтті өтсін!

2. Үй тапсырмасын тексеру.
– Үйге қандай тапсырма берілді
(Ауызша тексеріледі)
– «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын рөлге бөліп оқу.
– Жатқа оқу
– Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
– Қосымша сұрақтар қою арқылы бекіту.
1. Қайсысы дұрыс айтты?
– Үй тапсырмасын бекіту.

3. Жаңа сабақ.
– Балалар біздер «Табиғат – тіршілік бесігі» бөлімінде еліміздің табиғаты, тау-тасы, жан-жануарлары туралы білімімізді толықтырамыз
– Енді мына қағаз қиықтарынан мозайканы құрастырайық.
а) «Құрастыру»
– Мұнда ненің суреті пайда болды? Бұл не?
– Лақ,…
– Олай болса, бүгін біз Мамытбек Қалдыбаевтың «Еліктің лағы» әңгімесімен танысқалы отырмыз. (Дәптерге сабақтың тақырыбын жаздыру)
ә) Автор туралы мағлұмат беру.
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қызыл Жалау ауылында дүниеге келген – ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты. Оқытушылық қызмет атқарған. «Көпір», «Қанат қақты», «Айна» т. б. өлеңдер жинақтары, «Ол неге ұялды?», «Мерей», «Ай туып келеді», «Бәйдібек баба арманы» деген тақырыптарда әңгімелер, повесть, романдар жазған.
– Бүгін Мамытбек ағамыздың «Еліктің лағы» әңгімесіне тоқталамыз.
Алдымен елік деген қандай жануар екенін біліп алайық.
– Елік (косуля) – дене бітімі әдемі және жеңіл кішкентай жануар. Өзендердің жайылма алқабында, орманды далалы жерлерде өмір сүреді. Бұлар кішігірім үйірімен жүреді. Жүріп келе жатып, қауіпті сезсе желге қарсы жата қалады екен. Олар бір-бірінен алшақтап жатып, жаудың келгенін уақытында білу үшін үйірімен демалады.
Еліктер көктемде төлдейді. Баласын лақ дейді. Екі лақ кейде үш лақты дүниеге әкеледі.
Тоғайларда жасырынуға ыңғайлы бүйірі мен арқасының жүні сары түсті болып келеді, ал құйрығы ақ түсті. Еліктер – қорқақ жануарлар. Жаулары көп, негізгі жауы – қасқыр. Қауіпті сезе қалса, зыта қашып келе жатқанда құйрығын жоғары көтеріп, ақ жағымен лағын жасырады. Лақтарына жол сілтеп отырады. Осылайша олар 2-3 ай бойы анасынан ажырамайды.
Еліктер шөптер мен ағаш бұталы өсімдіктер, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді, тәттіні жақсы көреді. 11-16 жыл өмір сүреді. Облысымызды солтүстік бөлігін мекендейді.

б) Оқулықпен жұмыс.
– Мәтінді дауыстап оқу.
– Мазмұнын талдау (сұрақ-жауап)
– Ауа-райы қандай еді?
– Жолмен келе жатқан кім?
– Ол неге мылтықты қолға алды?
– Неге ызаланды?
– Түймебай елікті неге атпады?
– Түймебай елікті атқанда не болар еді?

Сөздік жұмыс.
Шоқы – тік, биік төбе.
Нысана – көздеп ататын жер.
Қарауыл – күзет.
– Тізбектеп оқу.
– Тауып оқу.
– Мәтіннен ауа райын суреттеген жерді тауып оқы.

Сергіту сәті:
Күн бұлттанды,
Жел тұрды (у-у-у)
Ағаш бастары қозғалып, тербеле бастады.
Алғашқы тамшылар,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр саябырсыды,
Жаңбыр басылды.
Аспан шайдай ашылды,
Көкке кемпірқосақ асылды.

Тапсырмалар:
1-қатар – Аңшыға мінездеме бер
2-қатар – Әңгіме желісі бойынша сурет сал
3-қатар- Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы

– Оқушылардың жұмыстарын тыңдау, талдау.
– Жұмбақты шешу.
– Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Бекіту.
– Автор шығармасында оқырмандарына не айтқысы келді?
– Аңшының әрекетін көзқарасыңды білдір.

Бағалау.
Үйге 218-220 бет

Ақтөбе қаласындағы
№34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жусипова Тлектес Муханбеджановна


Бастауыш сынып әдебиеттік оқу мысал еліктің лағы

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар