Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2 – сынып | Бастауыш сынып

Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2 – сынып
1. Сыныпта 21 оқушы. Барлық оқушыларды отырғызу үшін қанша екі орынды парта қажет?
A) 10 B) 11
D) 20 C) 21
2. 3 ондығы бар санды көрсет
A) 300 B) 3
D) 30 C) 3000
3. 7+3=10 теңдігіндегі 7 қалай аталады?
A) қосылғыш B) қосынды
D) айырма C) азайтқыш
4. Х – тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
A) 5 B) 30
D) 90 C) 50
5. Мына сандардың ішінен 8, 40, 10, 9, 20, 2, 1, 50, 7 – бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
А) 10, 20, 40, 50
В) 1, 2, 7, 8, 9
С) 9, 8, 7, 2, 1
Д) 1, 2, 7, 8, 9, 10, 20, 40, 50
6. Ең кіші екі таңбалы сан неше ондық, неше бірліктен тұрады?
А) 1 ондық, 1 бірлік
В) 1 ондық, 0 бірлік
С) 1 ондық, 9 бірлік
Д) 9 ондық, 9 бірлік
7. Ені 3 см, ал ұзындығы одан 4 см ұзын болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.
А) 20 см В) 21 см
С) 22 см Д) 24 см
8. Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36
А) 16 В) 24
С) 29 Д) 36
9. Өрнекте: сантиметрмен 4 м 13 см; 2 м 8 см.
А) 17 см, 10 см В) 43 см, 28 см
С) 413 см, 208см Д) 410см, 280см
10. Санды өрнекті белгіле:
А) а+23
В) 60 – 40
С) х+7=10
Д) 25 – а

2 – сынып логикалық тапсырмалар
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалар ше?
2. Қосындысы 9 – ға тең болатын барлық есептерді жаз.
3. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
4. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.
5. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
6. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
7. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш – үштен, ұлдарына екі – екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2 – сынып жүктеу


Мектепішілік олимпиада тапсырмалары математика 2 сынып бастауыш сыныптарына арналған есептер

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар