Д дыбысы мен әрпі | Бастауыш сынып

Сабақ тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Бөлім: Менің достарым
Оқу мақсаты: 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 1. 9. 2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1. 1. 9. 3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Ресурстар: Доп, суреттер, асықтар, шарлар, фигуралар, АКТ т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ағылшын
Алдыңғы оқу: Нәтиже сабақ

Сабақтың басы
1. Шаттық шеңбері:
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық

(Мұғалімнің кіріспе сөзі)
2. Өткенді бекіту: «Кім жылдам?» ойыны Слайд

Сабақтың ортасы
2. Жаңа сабақ
(жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақты табу)
а). Мағынаны тану.
Ал балалар ойлайық,
Ойлайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ:
Суға салсаң батпайды,
Ұрсаң – тыныш жатпайды. (Доп)

Доп мяч ball
Сұрақ – жауап, суреттер
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз

(Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Солай емеспе балалар. Достармен бірге жүрген, ойнаған қандай көңілді бүгін достарыңмен жаңа сабаққа ат салысып отырыңдар.)
3. Тыңдалым.
(Жазба арқылы үнтаспадан өлең шумақтарын тыңдау)
Достары көп Мараттың,
Ойнайды олар аулада.
Ағасы мен Болаттың
Барады олар тауға да.
• Балалар бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

Маңғысатау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан
Д дыбысы мен әрпі жүктеу


Д дыбысы мен әрпі сауат ашу менің достарым

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар