Мәтін (пайымдау) | Бастауыш сынып

Тақырып: Мәтін (пайымдау)
Мақсаты: оқушыларды 1. мәтіннің пайымдау түрін толық меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, пайымдай білуге баулу
2. баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру
3. ұқыптылыққа, бейімділікке, әдептілікке баулу, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Түрі: түсіндіру
Әдісі: сұрақ – жауап. әңгімелеу
Көрнекілік: суреттер, жазылған сөздер, кестелер
Күтілетін нәтиже: мәтін туралы түсініктерін байытады, оқу – жазу дағдылары қалыптасады, оқуға деген құштарлықтары артады.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

ІІ. өткенді еске түсіру.
– Пайымдау мәтіні деген не?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ, Жаңа сабақ
1. Кіріспе
– Сипаттау мәтіні туралы не білдік?
– Мәтін деген не?

2. Суретпен жұмыс. Сурет арқылы мәтін құрастыру

3. Берілген тірек сөздер арқылы көше тәртібі туралы мәтін құрастыру
Көше, бағдаршам, абайлау, көше қиылысы, жүйткіген машиналар, жолаушыларға арналған жолақшалар, ауыр сөмке көтерген әжей, көмектесу.

4. Үлестірмелі парақшалар. оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.
Мен 4 – сыныпта оқимын. Бізге Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары кең.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол – біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
Мәтінді бөлімдерге бөл. Қайсысы Әңгімелеу ( не істеді?), Сипаттау ( қандай?), Пайымдау (неліктен?)

5. «Өзен жағасында» тақырыбына шағын шығарма жазу.

6. Тапсырмалар.
Піл к 3 ті, піл к3ті емес, тіл к3ті.
6 н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.

Әкесіз 7м – жарты жетім.
Шешесіз 7м – анық жетім.
Өз елің – 6н бесігің.

Өнерлінің қолы – 6н
Өлеңшінің сөзі – 6н

Ер 1 рет өледі
Қорқақ 1000 рет өледі

7. Қорытынды
8. Бағалау
9. Үйге тапсырма: Мәтін, мәтіннің түрлері туралы біліп келу, « Күзгі бақ» тақырыбына әңгіме жазып келу

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович


Мәтін пайымдау қазақ тілінен сабақ бастауыш сынып

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар