Құдіретті төрт Ана | Тәрбие сағаты

Құдіретті төрт Ана | Тәрбие сағаты

Құдіретті төрт Ана

 

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – Ана. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат ананы мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұзды бесік таянған – ана, баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап, аяғынан тік тұрғызады. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады. Ана сөзімен байланысты Жер – Ана, Ана тілі деген сияқты тіркестер бар. Осы тіркестердің мағынасы мен байланысын іздестіре отырып, Мен, Мұхтар Шахановтың « Құдіретті төрт Ана» өлеңіндегі төрт ана туралы не білемін? Адамға қаншалықты қажет дүние деген ойға келдім.
Шынында да әр адамның өзінің тағдыры бар. Өз анасынан басқа да құдіретті төрт Ана деп туған жерін, ана тілін, дәстүр мен салт — санасын, тарихын атап отыр. Кіндік қанымыз тамған туған жерімізді Айбын, ана тілімізді сатылмайтын Байлық, салт — дәстүрімізді Тірек деп айтуының өзі әр адамға терең ой тастайды. Олай болса, баласын мәпелеген Анадай неге адам баласы осы құдіретті төрт ананы қастерлемейді.

М. Жұмабаев атындағы
№19 орта мектеп — гимназиясы
Искакова Гауһар Нәдірханқызы

Құдіретті төрт Ана. жүктеу

Ана махаббаты, әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан, ана ,ананың мейірімі

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: