Санды бірнеше есе арттыру және кеміту | Бастауыш сынып

Тақырыбы: Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Мақсаты: оқушыларға санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
– Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 5, 7.

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.
Ауызша жұмыс.
а)
5: 5 ————– 6 ∙ 1 ———- 70: 70
7 ∙ 1 ————- 8: 0 ———– 0: 56
200 ∙ 0 ———- 1 ∙ 0 ———- 25: 0
0: 65 ———— 1 ∙ 10 ——— 40: 40

ә)
7 ∙ 7 = 49 ———- 7 ∙ 4 = 28 ———- 3 ∙ 7 = 21 ———- 56: 7 = 8
8 ∙ 7 = 56 ———- 28: 7 = 4 ———- 7 ∙ 6 = 42 ———- 7 ∙ 9 = 63
14: 7 = 2 ———- 2 ∙ 7 = 14 ———- 5 ∙ 7 = 35 ———- 7 ∙ 6 = 42

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:
Оқулықпен жұмыс. № 1. Ұжымдық талдау. Салыстыр. Қорытынды жаса.
№ 2. Салыстыр. Қорытынды жаса.
Санды 2 – ге арттыру үшін, санға 2 – ні қосу керек. Санды 2 есе арттыру үшін, санды 2 – ге көбейту керек.

Санды 2 – ге кеміту үшін, саннан 2 – ні азайту керек. Санды 2 есе кеміту үшін, санды
2 – ге бөлу керек.

1. Жұптық жұмыс. № 3, № 4
7 – ге арттыр ——– 7 есе арттыр ——– 7 – ге кеміт ——– 7 есе кеміт
6 + 7 = 13 ————- 8 ∙ 7 = 56 ————- 14 – 7 = 7 ———– 14: 7 = 2
9 + 7 = 16 ————- 6 ∙ 7 = 42 ————-23 – 7 = 16 ———– 7: 7 = 1
5 + 7 = 12 ————- 5 ∙ 7 = 35 ————-35 – 7 = 28 ———— 21: 7 = 3
8 + 7 = 15 ————- 3 ∙ 7 = 21 ————–7 – 7 = 0 ————- 42: 7 = 6
7 + 7 = 14 ————- 9 ∙ 7 = 63 ————–21 – 7 = 14 ———- 35: 7 = 5

2. Өздік жұмыс. № 5. Кесіндіні өлше, сыз.

3. Топтық жұмыс. Дымбілмеске көмектес.
4. № 6. Теңсіздіктер тура ма? Тексеріп, тура теңсіздіктерді жаз.
1 топ. ——————– 2 топ. ——————— 3 топ.
15: 5 ‹ 17 —————- 80 + 5 ‹ 80 + 15 ——– 18 ‹ 18 + 1
70 – 17 ‹ 70 – 7 ——– 15 + 12 ‹ 15 + 13 ——– 90 + 3 › 90 – 3

Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы, Әуезов кенті.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсембаева Индира Жумабековна

Толық нұсқасын жүктеу


Санды бірнеше есе арттыру және кеміту математика бастауыш сынып

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар