Рахмет айтамын! | Тәрбие сағаты

Өмір, қымбатсың маған!

Мерекелік концерт
Тақырыбы: «Рахмет айтамын!»

1. Қара өлең «Рахмет айтамын!»
Армысыздар аяулы да қымбатты аналар, қонақтар!
Бүгінгі алғашқы көктемнің күнінде 1 — наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығында 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланды.
Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір — бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.
Құлпырған көктем мезгілінің алғашқы күні бүгінгі мерекемен тұспа — тұс келіп отыр сондықтан да ардақты әжелерімізді, аяулы аналарымызды, ару қыз — келіншектерімізді келе жатқан – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты:
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен Ардақты аналарды — нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, алғыс айту.
Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т. б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, жалпы қорытынды жасау.

2. Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана, ана деген тіршіліктің тірегі,
Жасай берсін қасиетті аналар!
Сіздердің құрметтеріңізге ардақты да аяулы қыздарыңыз және келіндеріңіз біздің сүйікті тәрбиеші — педагогтар «Көктем шуағы» биін тарту етеді. Көркемдік жетекшісі: Искакова Гаухар Заинденқызы Қарсы алыңыздар!
3. Жүргізуші
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Анашым» деп ортада ән салады
«Раушанның» шуақты сәбилері. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
4. Жүргізуші
Әжемнің әлдиі ғажайып.
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
Ән «Әке — Ана», «Көгершін» тобының атынан «Үздік тәрбиеші — 2016» байқауының бас жүлдегері Сағымжан Гаусар.
Қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші: Тайтаразова Айдана

Рахмет айтамын! жүктеу

Алғыс айту 1 наурыз алғыс айту күніне арналған сабақ ашық сабақ алғыс айту алғыс айту күніне ертеңгілік

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: