Білімнің бастауы — балабақшада | Тәрбие сағаты

Білімнің бастауы - балабақшада | Тәрбие сағаты

1 — қыркүйек – білім күні.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімнің бастауы — балабақшада».

 

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға 1 — қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі — құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс — тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ — жауап.
Барысы: І. Кіріспе бөлім.
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта! Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:
Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын,
Балабақша есігін.

Тәрбиеші: Құрметті тәрбиешілер! Қымбатты балалар, ата — аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу іс — әрекетіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналады. 1 — ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. 1 — қыркүйек барша қалықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар, тәрбиешілер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз екінші сәбилер «Өркен» тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Шелек ауылында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Бәйтерек» балалар бақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Жарайсыңдар!
ІІ. Негізгі бөлім.
Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу іс — әрекетімізді жалғастырайық.
Тәрбиеші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім — ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні! (шапалақ).
Іңкәр: Жымыңдап күз келді,
Күліңіз сіз де енді.
Бірінші қыркүйек
Қарсы алшы біздерді!
Абылай: Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын мерекеміз.

Жансая: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Айбота: Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз
Біз — осы үйдің сәніміз.

Назым: Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Айша: Білім — менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу — айдында
Жайып білім желкенін
Айқын: Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!

Жанерке: Қыркүйектің бірінде,
Кеудем толы дірілге,
Құлақ түйем елеңдеп,
«Бақша» деген бір үнге.

Думан. Балабақша — айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды,
Өзіңе қайтарамын.

Тәрбиеші: енді балалардың мақал — мәтелдерін тыңдап көрейік.

Анар: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

Жанерке: Кітап — білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.

Айбек: Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Ангелина: Оқы да біл,
Ойна да күл.

Даниял: Білім күні құтты болсын!

Тәрбиеші: Сергіту сәті.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс — әрекеттеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз.

Білімнің бастауы — балабақшада. жүктеу

1 қыркүйек, білім күніне сценарий, білімнің бастауы балабақшада, алғашқы қоңырау

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: