Менің Отаным — Қазақстан Мәтін Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері | Бастауыш сынып

Қазақстан
Пәні: әдебиеттік оқу Мектеп: №7
Күні: 26. 11. 2019 ж Мұғалімнің аты — жөні: Суйеуова Р
Сынып: 2«И» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан
Мәтін: Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2. 2. 2. 1 — мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
2. 1. 1. 1 — шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары Барлықоқушылар: 
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сұрақ — жауапқа түседі, топта жұмыс жасайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоя біледі; Сұрақтарға жауап береді;
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийлері 1. Қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды, және оның жауабын шығармадан таба біледі;
2. Мәтіннің мазмұнын мазмұндайды, бөліктерге бөліп оқиды;
Құндылықтардыдарыту: Өзара көмек, ынтымақтастық, достық, жауапкершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік.
Тілдік мақсат Менің Отаным — Қазақстан; Моя Родина — Казахстан; I am from Kazakstan
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Тірек сөздердің айтылуын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті…… деп ойлайсыз
1. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Туған өлке деп қай өлкені атайды?
3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
 Алдыңғы оқу Не үйрендім?
Ишара Жасыл — түсіндім; қызыл — сыныптасымның көмегімен түсіндім;
сары — көмек қажет түсінбедім;
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурстар
Басы
5 минут
Жаңа сабақ
10 минут
Сәлемдесу.
Психологиялық жағдаят тудыру:
(Пазлы таратамын, пазлыны құрастырғанда өлең жолдары шығады):
Отан — менің ата — анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан – өлкем, астанам,
Отан — туған ауылым.
(Әуенімен, хормен қайталайды)
Топқа бөлу Ауыл атарымен 4 — топқа бөлініп отырады
1 тапсырма: ҰЖ «Сөзжұмбақ» 
1. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?
2. Отбасындағы әке атауы.
3. Ел сөзін басқаша қалай айтуға болады?
4. Мемлекеттік рәміздердің бірі.
Шыққан сөзді дауыстап оқыту.
ОТАН сөзін басқаша қалай айтуға болады?
ЖЖ «Сөзді қойып оқы»
Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім сөздері басқаша қалай аталады?
Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерді қойып дауыстап кезектесіп оқиды.
Менің……. – Қазақстан.
Дескриптор:
1. Сұрақтарға сүйеніп сөзжұмбақты шешеді;;
2. Жауаптарымен байланыстырып қосымша әңгімелейді;
3. Отан сөзінің ұғымын өз ойларымен түсіндіреді;
ҚБ
« Жұлдызшалар»
М) Туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер айтайық.
Оқушылар мақал – мәтелдер айтады.
М) Сонымен бүгінгі тақырыбымыз Ж. Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтіні.
Мәтін авторы Ж. Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан. Әкесі Аймауыт
Сөзжұмбақ
сөздер жазылған парақтар
Ортасы
15минутСергіту сәті
2 минут
ҰЖ Мәтін «Қартқожаның туған жері» тізбектеп оқыту. Мәтін оқу барысында «түртіп алу» кестесін пайдаланады.
«Инсерт» кестесін пайдалану арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі.
Үй басы – әр үй.
Ашамай – балаға арналып, алдыңғы, артқы қастары айқастырылып жасалған ер
Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.
Шерсіз – қайғы – уайымсыз.
Жетесіз – ақылсыз, ақымақ.
Дескриптор:
1. Тиісті нүктенің орнына сөздерді қойып оқиды;
2. Сөйлемнің мазмұны бойынша әңгімелейді;
3. Өз әрекеттерімен байланыстырып қорытындылайды;
4. Бір — біріне түсіндіреді;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»
Сергіту сәті «Қызыл гүлім — ай»
 «Қаражорға» әуенімен би қимылдарын жасайды.
3 тапсырма: ТЖ «Есіңе түсір»
Дескриптор:
1. Сызба бойынша топта тапсырманы талқылайды;
2. Оқыған әңгімелерін ортаға жариялайды;
3. Бір — бірін толықтырып әңгімелейді;
4. Бір — бірінің жұмыстарын бағалайды;
5 Сызбаға қарап дәптерлеріне жазады;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»
4 — тапсырма: ӨЖ «Түсініп оқы»
Дескриптор:
1. Мәтінді тізбектеп оқиды;
2. Мәтіндегі кейіпкерді сипаттайды;
3. Қартқожа ауылын қалай елестетіндігі туралы әңгімелейді;
4. Туған жер туралы мақал — мәтелдер айтады;
5. Мәтінннің мазмұнын қортындылайды;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»
«Инсерт» кестесі
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Сабақтың соңы 5 минут
Кері байланыс
3 минут
Ой қорыту
Ауызша оқушыларға кері байланыс беру.
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?
1. Туған жері Қартқожа көзімен қалай көрінген?
2. Қартқожа туралы бұған дейін қандай әңгіме оқыдық?
3. Онда Қартқожа қай жағынан көрінеді?
Үй тапсырмасы: Менің Отаным — Қазақстан
Мәтін: Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері
Кері байланыс: «Білім ағашы»
Қосымша мәліметтер
Саралау — оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беремін.
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейбір оқушылар орындай алады:
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық,
топтық, өздік жұмыста жұлдызша, житондар арқылы бағалаймын.
Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын.
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелері
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ашық сабақ, бастауыш сынып, Менің Отаным — Қазақстан, Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: