Наурыз аруы сайысы | Тәрбие сағаты

Наурыз аруы сайысы | Тәрбие сағаты

«Наурыз аруы» сайысы

Мақсаты: Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы және қазақтың салт — дәстүрін оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: белсенді тақта, асық, оюланған конверт, түрлі — түсті қағаздар, қайшы, ұршық.

Жүргізуші:
— Армысыздар, ардақты қауым! Жер ананың тон кеудесі жібіп, Самарханның көк тасы еріген қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мереке ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да, Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Наурыз Шығыс елдері үшін — бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыз — ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі Парсының «нау» — жаңа, «руз» — күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Ендеше, Ұлыстың ұлы күні барлығымызға құтты болсын! Наурыз елімізге құт — береке әкелсін! Осындай мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Наурыз аруы» сайысына қош келіпсіздер деймін.
Келді міне Наурыз,
Көптен күткен бәріміз.
Жер дүние жаңарып,
Нұрланады жанымыз.
Әсемдік пен әдемілік қыздарымыздың жан-жақтылығын көрсететін «Наурыз аруы» сайысын ашық деп жариялаймын. Сайыс жалпы алты бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Таныстыру ата — баба салты ғой…»
ІІ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез». (Салт — дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру»
ІІІ бөлім. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз». (ұршық иірту)
ІҮ бөлім. «Өнерліге – өріс кең» айдары бойынша өз өнерлерін көрсету.
Ү бөлім. «Қыз қылығымен…»
А) Табақ жасау түрлерін білу. (тұрақты сөз тіркестерін табу)
Ә) Сөздің мағынасын ашу.
Б) Қазақтың ырым, тыйым сөздерін айту.
ҮІ бөлім. «Ұлттық нақыш» деп аталады. (Матадан немесе түрлі — түсті қағаздан ою — өрнек ойғызу)

Жүргізуші: Қыз жүрегі бір арналы,
Бақыт оның ізгі арманы,
Өмір оты гүл жайнаған,
Қыз — өмірдің қызғалдағы — дегендей, енді ортаға әдемі, әсем, аяулы, сұлу, асыл аруларды шақырайық.
(Қоржындағы нөмірленген асықтарды арулар бір — бірлеп алу арқылы өз нөмірлерін таңдап алады)
Жүргізуші: Әділдікті қолдайтын, аруларды таңдайтын,
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: І бөлім «Таныстыру ата — баба салты ғой…» деп аталады, сондықтан әр ару өздерін таныстырады.

ІІ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез». (Оюланған конвертке салынған сұрақтарды таңдау).
№1. 1. Бесік жырын айтатын адам.
2. Бес дұшпанды атаңыз.

№2. 1. Қазақтың ішекті аспабын атаңыз.
2. Қыздардың бөркіне қадайтын құстың қауырсыны.

№3. 1. Жаңа киімге берілетін жоралғы қалай аталады?
2. Ұясы жоқ құс.

№4. 1. Үш жұртты атаңыз.
2. Мұсылманның бес парызын атаңыз.

№5. 1. Жеті атаға кімдер жатады?
2. Сыбаға деген не?

№6. 1. Үш байлықты атаңыз.
2. Төрт түліктің пірі.

Астана қаласы,
№53 мектеп – лицейінің жоғары санатты
тарих пәні мұғалімі Авдхалым Асия

Наурыз аруы сайысы. жүктеу

Наурыз мейрамы, ұлттық мереке, қазақтың салт дәстүрі, 22 наурызға арналған сценарий

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: