Бақылау жұмысы 2-сынып математика | Бастауыш сынып

Өмір, қымбатсың маған!

Түсініктеме

Математика пәні бойынша жазба жұмыстары: математикалық диктант, өзіндік жұмысы, тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары. Математика курсының мазмұны жыл бойы тірек білім, білік және дағдыларды белсендіруді көздейді. Бұрынғы өтілген материалдарды бекіту негізінде жаңа мәліметтерді енгізу арқылы оны үнемі дамыту жүзеге асырылады. Бұл өз кезеңінде оқытылатын ұғымдар арасында жаңа байланысты салыстыруға, жалпылауға, тағайындауға, логикалық байланыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.
2 — сыныптарға арналған математика пәнінен жазба жұмыстарының нормасы.
Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері
«5» — барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған:
«4» — егерде құрастырылған тапсырмаларда 1 — 2 өрескел қателер немесе
3 өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» — 5 — ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателерболса;
«2» — 5 — тен астам өрескел қате немесе 7 — 8 өрескел емес қателер жіберілсе;
Бақылау жұмыстарының көлемі 2 сыныптың І жартыжылдығында 20 минутқа негізделген. 2 сыныптың ІІ жарты жылдығында 30 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеруі тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:

  • бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;
  • болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;
  • тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10 — 15 минуттан өткізу;
  • оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды;

Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып есептеледі:
— амалдарды орындауда есептеу дұрыс жасалмаса;

  • есепті дұрыс шығармаса:
  • қарапайым теңдеулер дұрыс шешілмесе;
  • амал компоненттері, жақшамен, жақшасыз амалдарды орындау тәртібі
  • Математикадан жазба жұмыстарын бағалауда өрескел қате болып есептелмейді:
  • есептеуде рациолналды емес әдістерін қолданса;
  • тапсырмаларды орындауда грамматикалық қателер болса;
  • есептеуде сандық немесе амал белгілерін дұрыс көшірмесе, бірақта есептерінің жауаптары дұрыс болса;

I — тоқсан
Бақылау жұмысы №1
I — нұсқа
1. Сандарды оқы және өсу ретімен жаз.
0, 10, 2, 4, 8, 20, 30, 40, 100, 90.
2 Салыстыр.
2+3*3+0 10 — 8*10 — 2
5+5*6+4 10 — 6*10 — 3
3. Есепті шығар
Альбомда 9 фотосурет бар. Олардың 3 — еуі балалардыкі, ал қалғандары ересек адамдардыкі. Альбомдағы ересек адамдардың фотосуреті нешеу?
4. Теңдеулерді шеш:
6+а=10 10 — а=4 а — 4=6
5. Мысалдарды шығар:
50+0 = 80+10=
60+20 = 90 — 10=
70 — 10= 50 — 20=

Толық нұсқасын жүктеп алу

Бақылау жұмысы, 2-сынып, математика, бақылау жұмысы, математика

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: