Зат есімнің жекеше және көпше түрлері | Бастауыш сынып

Өмір, қымбатсың маған!

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой — өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін — бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілі: түсіндіру, сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ребустар, кестелер, слайдпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
— Оқушылардың назарын сабаққа аудару
— Оқу құралдарын дайындату
— Кезекшінің жұмысын қадағалау
— Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
— Өткен сабаққа шолу жасау
Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?
Зат есім
Жалпы Жалқы
Кім? Не?
— Мысал келтірейікші?
— Жетісу — көркем өлке.
— Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».

​Толық нұсқасын жүктеп алу​​​

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері, Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: