Табиғат тал бесігің, аялай біл! | Тәрбие сағаты

Мықты әскер – мықты Қазақстан | Qazbrand.info

Тақырыбы: Табиғат тал бесігің, аялай біл!

Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ. Табиғат дегеніміз не?
1. Тіршілік атаулының бар арманы – ауа
2. Тіршілік көзі – су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4. Орман сәні – құстар
5. Табиғаттың сұлу мүсіні – жануарлар
ІV. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
V. Сабақты қорыту. Ән шашу «Біз өмірдің гүліміз»

І. Ұйымдастыру:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат — Анаға көз салып қарайсыңдар. Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Дәл бүгінгі күні табиғат — Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат — Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат — Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат — Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат — сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.
Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Кіріспе:
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық. Табиғат – бізді қоршаған орта. Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі. Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал, табиғатты қорғау дегеніміз — ауаны ластамау, құстарды аялау, өзен — көлдің суын бүлдірмеу, жан — жануарларға қамқорлық жасау.
— Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар…

1. Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтіменен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.

2. Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

3. Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір — бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

4. Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның?

5. Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
Табиғат тал бесігің, аялай біл! жүктеу

Табиғатты қорғау, табиғатты аялау, туған жер, экологиялық мәдениет

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: